Генеративті жасанды интеллект — пайдаланушы енгізген сұрауларға жауап ретінде мәтін, бейне, кескін немесе олардың біріктірілген медиаконтентін жасай алатын жасанды интеллект жүйелерінің түрі.
Генеративті жасанды интеллект генеративті модельдерді, соның ішінде үлкен тілдік модельдерді қолданады.
Генеративті жасанды интеллекттің танымал жүйелеріне GPT-3 және GPT-4 үлкен тілдік модельдері негізінде жасалған ChatGPT чат-боты, сондай-ақ Google әзірлеген, LaMDA моделіне сүйенетін Gemini чат-боты жатады. Басқа генеративті ЖИ үлгілеріне Stable Diffusion және DALL-E сияқты көркем бейне жасайтын жүйелер кіреді.
Генеративті жасанды интеллект бағдарламалық жасақтама әзірлеу, маркетинг және сән индустриясы сияқты түрлі салаларда қолданылады. 2020-жылдардың басында Microsoft, Google, Baidu секілді ірі технологиялық компаниялар, сондай-ақ көптеген шағын фирмалар генеративті ЖИ үлгілерін әзірлеуге кіріскеннен кейін, бұл бағытқа салынатын инвестициялар күрт өсті.
Дереккөздер
Санат:Генеративті жасанды интеллект