Бірінші қоғамдық кітапхананың ғимараты — Семей қаласындағы сәулет өнерінің ескерткіші. 1982 жылдан бастап Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген.
Ғимарат тарихы Бұл екіқабатты ғимарат 1903 жылы салынды. Қазан төңкерісіне дейін онда орыс көпесі Ложкиннің дүкені болған.
1930 жылдан бастап, 1992 жылдың күзіне дейін бұл ғимаратта Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап кітапханасы орналасты.
Тәуелсіздік жылдарында ол алдымен коммерциялық банкке беріліп, соңынан Татар өнер мектебіне айналды.Семей кітапханасы – ұлт арыстарының аманатыВ старейшей библиотеке хранятся книги, которые читал Абай
Нысанның сәулеттік-көркемдік сипаттамасы Нысанның өлшемдері – 21,5 × 15 м, биіктігі – 12 м. Ғимарат бастапқыда сауда-тұрғын үй мақсатында салынған: бірінші қабаты сауда орындарына, екінші қабаты тұрғын үй-жай ретінде пайдалануға арналған. Мұндай көлемдік-жоспарлау шешімі XIX–XX ғасырлардағы азаматтық сәулет өнеріне тән.
Ғимараттың негізгі (фронтальды) қасбеті классикалық стильде, эклектика элементтерімен безендірілген. Қасбеттегі сәндік элементтер, терезе және есік ойықтары қатаң көлденең және тік осьтік симметрияда орналасқан. Әр қабатта алты терезе ойығы бар.
Бірінші қабаттағы терезелер тікбұрышты пішінді, витриналық сипатта орындалған. Олардың біреуі екінші қабаттағы терезелерге ұқсас үлгіде жасалған. Екінші қабаттағы терезе ойықтары аркалы болып, архивольт және құлыптас элементтерімен безендірілген.
Терезе және есік ойықтары капительдермен аяқталатын пилястрлармен бөлінген. Бірінші қабаттағы пилястрлар кірпіш қалауға ұқсас рустпен өңделген. Қабатаралық белдеулер ғимараттың көлденең құрылымын айқындай түседі.
Негізгі кіреберіс аркалы ойық түрінде шешілген. Кіреберістің үстінде көркем шойын кронштейндерге бекітілген сәндік металл жаппа орналасқан.
Қасбеттің жоғарғы бөлігін классикалық үлгідегі айқын көлденең карниз көмкеріп тұр. Карниз ұсақ кронштейндермен (модульдермен) сүйемелденіп, оның үстінде тісті фриз орналасқан.
Шатыр және карниз бөлігінде, екінші қабаттағы терезелердің осьтеріне сәйкес тікбұрышты аттиктер орналасқан. Аттиктер үшбұрышты фронтондармен аяқталып, ғимарат шатырының күрделі силуэтін қалыптастырады. Аттиктердің аралығын шатырды көзден жасыратын тұтас парапет жалғастырады. Парапет төмен, айқын емес аралықтармен бөлінген. Мұндай шешім ғимараттың сәулеттік тұтастығын қамтамасыз етіп, шатырдағы инженерлік элементтерді жасыруға мүмкіндік береді.
Парапеттің жоғарғы бөлігінде темір элементтерден жасалған балюстрада орналасқан.
Ғимараттың негізгі (фронтальды) қасбетіне келесі мазмұндағы мемориалдық тақта орнатылған: «Осы кітапхананың тұрақты оқырманы қазақ әдебиетінің классигі Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы болған».
Дереккөздер
Санат:Абай облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Семей сәулеті