(532) Геркулина — Негізгі белдеуде айналып жатқан ең ірі астероидтардың бірі.

Оны 1904 жылы 20 сәуірде Макс Вольф Гейдельберг обсерваториясында ашты.

Нақты кімнің есімімен аталғаны белгісіз. Ол кезде астероидтарды әйелдердің есімдерімен атау дәстүрі қалыптасқандықтан, ежелгі гректердің қаһарманы Гераклдың есімін әйелдікше түрлендірген нұсқасын пайдаланған болуы тиіс.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (501—600) Санат:Астероидтар