Руслан Тай лақап атымен белгілі Руслан Рахманұлы Әділгереев (1991 жыл, Шалқар, Ақтөбе облысы) — қазақстандық комик, стендапер мен әнші.

Ерте жылдары Әділгереев Ақтөбе облысының Шалқар қаласында 1991 жылы туған, Кіші жүздің Әлім руынан. 15 жасына дейін сол жерде ата-әжесімен тұрды. Ақтөбеде мектеп бітіріп, 2009 жылы Америка Құрама Штаттарындағы Хьюстон қаласына көшті. Хьюстондағы оқуға түсе алмай, Альбукерке, Нью-Мексикода геология саласында білім алды. Төрт жылдан кейін оқуы сәтсіз болды да, ол Қазақстанға оралды.

Көп ұзамай, Әділгереев Алматыдағы КИМЭП университетінде қаржыгер оқуын бастады. Оқуының алтыншы жылында ҚБТУ студенттеріне стендап-монолог жасап көрді де, осылайша тұңғыш рет халық алдында ұқсас өнер көрсетті. Тұңғыш монологында Әділгереев қазақ еркектерінің әйелдерге қалай қарағанын сынаған болатын.

Мансабы Тұңғыш өнер көрсеткеніне 1 жыл болғанда, Әділгереев үйленді. Оқуын бітіргесін ол әйелімен бірге Ақтөбеге, әке-шешесі жағына көшті. Әділгереев Ақтөбеде 1.5 жыл стендаппен айналысты.

Ақтөбедегі жұмысы кезінде Әділгереев стендаппен айналысатынын шешті де, әйелі мен бір ұлымен бірге Алматыға көшті. Бұл қалада жұптың екінші ұлы туған болатын. Бір жыл өткенде Әділгереев стендаптан ақша табатын болды да, Stand Up Jeltoksan мүшесі атанды.

Әділгереев — жастарға бағытталған «Арзан психологтар» бағдарламасының тең негіздеушісі, Тілеген Еркінбекпен қатар жүргізушісі.

Өз өмірі Америка Құрама Штаттарындағы оқуы сәтсіз болып шықты да, ол Қазақстанға оралғанда депрессияға тап болды.

Әділгереев үйленген, әйелін феминист деп сипаттаған. Жұптың кемінде екі ұлы бар. 2019 жылы үкіметшіл вайнға түскеніне қарамастан, ол президент Тоқаевтың саясатына қарсы болғанын ашық айтты.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан стендап-комиктері Санат:Ақтөбе облысы тұлғалары