Қарман () — Өзбекстанның Науаи облысындағы қала типтес елді мекен, Қарман ауданының әкімшілік орталығы.
Қалаға жақын жерде, шамамен 8 шақырым жерде, Науаи теміржол вокзалы бар, одан Үшқұдық, Самарқан немесе Бұхараға баруға болады. Қарман елді мекен мәртебесін 1968 жылы алып, араға 11 жыл салып, елді мекен қала мәртебесіне көтерілді, бірақ ұзаққа бармай, тағы да қала типтес елді мекенге айналды. 1958 жылы оның шекарасында алтын мен уран өндіретін тау-кен металлургия комбинаты салынды. Ауқымдылығы жағынан ол әлемдегі ең үлкендердің бірі болды..
Ауылдың маңында 10-11 ғасырларға жататын Қасым Шейх кесенесі орналасқан. Жақын жерде сармыш шатқалы орналасқан, онда жартастардың бетінен ежелгі дәуірге жат киімдер киген адамдардың бейнелері табылған. Сарапшылар суреттердің бір бөлігін "ежелгі астронавттардың" бейнесіне жатқызады. Жұмбақ шатқал планетадағы 2 шақырымға созылған ең үлкен тас галереясын қамтиды. Тақтатас бетінде шамамен 4000 петроглифтер қашалған.
Дереккөздер
Санат:Науаи облысы елді мекендері