Басықара (Басы қара) каналы – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы канал. 1928 жылы салынған.
Гидрологиялық сипаты Ұзындығы 48 км, ені 5 – 6 м. Каналдың су өткізу мөлшері 11,68 м³/с. Сырдария өзінен бастау алып, бірнеше тармаққа бөлінеді (ең үлкені – Тасарық 6,3 м³/с). Канал суымен Қазалы, Арал аудандарының егістік және жайылымдық жерлері суландырылады."Қазақ энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Қызылорда облысы каналдары