Aitu SuperApp (көбіне Aitu) — қазақстандық суперқосымша және мессенджер.

Бизнес үшін қолданылатын бұл қосымшаға жасанды интеллект те енгізілген. Aitu қосымшасы BTS Digital цифрлік экожүйесіне кіреді.

Тарихы Aitu қосымшасын қазақстандық BTS Digital цифрлық экожүйесінің құрамына кіретін Kazdream Technologies IT-холдингі әзірлеген.

2021 жылғы мамырдан бастап Aitu қосымшасында қолданушылар COVID-19 пандемиясы кезінде өзекті болған Ashyq қызметіне де қол жеткізе алды. Бұны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов хабарлады. Сол жылғы шілдеде қосымшаға egov.kz электрондық үкімет қызметі де, соның ішінде түрлі мемлекеттік анықтамаларға қол жеткізу, қосылды.

Қазақстан халқы Aitu қосымшасы арқылы 2021 жылғы халық санағына қатыса алатын болды.

2025 жылғы тамызда Қазақстан үкіметінің ресми сайты Қазақстан мемлекеттік органдарының Aitu қосымшасына көшетінін хабарлады. Үкімет жанындағы президент Тоқаев басқаратын жасанды зият жайлы кеңес осы шешімді жасаған болатын. Шешім жасағанда үкімет қосымшаның «заманауилығы, қауіпсіздігі мен ыңғайына» назар аударды. Шешімді Тоқаевтың өзі де қолдады, тапсырма қылды.

Қызметі Қолданушылар Aitu SuperApp қосымшасын Google Play және App Store арқылы жүктей алады, қосымшада өздерін телефон нөмірі арқылы тіркей алады.

Тағы қараңыз Aitube.kz

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша бағдарлама жасақтамасы Санат:2021 жылы пайда болған бағдарлама жасақтамасы Санат:Әлеуметтік желілер