«Дагенем энд Редбридж» (;) — Англияның Дагенем қаласында орналасқан кәсіби футбол клубы. Команда National League South лигасында ойнайды.

Клуб 1992 жылы Дагенем және Редбридж Форест командаларының бірігуі нәтижесінде құрылған. Редбридж Форест клубы өз кезегінде Илфорд, Лейтонстоун және Уолтемстоу Авеню командаларынан құрылған болатын. Клубтың дәстүрлі түстері — қызыл және көк, бұл біріктірілген командаларды бейнелейді.

Клуб Редбридж Форесттің орнына Футбол конференциясына қосылды, бірақ 1996 жылы төменгі лигаға түсіп қалды. 1999–2000 маусымында Истмиан лигасының чемпионы атанып, келесі үш маусымда Конференция плей-офф кезеңдеріне жолдама алды. 2001–02 маусымында чемпиондықты гол айырмасымен жоғалтып алды, ал 2003 жылғы плей-офф финалында жеңілді.

2006–07 маусымында Конференция чемпионы атанып, Футбол лигасына көтерілді. 2010 жылы плей-офф финалында жеңіске жетіп, Екінші лигадағы орнын Бірінші лигаға ауыстырды, бірақ келесі маусымда Бірінші лигада 21-орын алып, қайта төмен түсті.

Дагенем энд Редбридж 2016 жылы кәсіби лигадан тыс лигаға түсіп қалды. Ал 2024–25 маусымында Ұлттық Лиганың Оңтүстік дивизионына дейін төмендеді.

Тарихы Құрылуы Дагенем энд Редбридж клубы 1992 жылы Дагенем және Редбридж Форест клубтарының бірігуі нәтижесінде құрылған. Екі клуб та көрермен санының азаюына байланысты қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатқан болатын.

Клубтың шығу тарихы 1881 жылға дейін барады, өйткені Редбридж Форест Илфорд, Лейтонстоун және Уолтемстоу Авеню сияқты үш атақты әуесқой клубтың бірігуінен пайда болған. Бұл клубтар өзара: Ағылшын кубогының әуесқой нұсқасын 1 рет, FA Amateur Cup – 7 рет, Истмиан лигасын 20 рет, Афин лигасын 6 рет, Эссекс Сеньор Кубогын 26 рет, Лондон Сеньор Кубогын 23 рет жеңіп алған.

Кәсіби емес лига (Non-League) Дагенем энд Редбридж клубы өзінің алғашқы маусымын Редбридж Форесттің орнына Футбол конференциясында бастады. Клубтың жаңа атаумен өткізген алғашқы ойыны 1992 жылғы 25 шілдеде өтті. Олар жолдастық кездесуде Грейт Уэйкеринг Роверс командасын 8:0 есебімен тас-талқан етті. Ал алғашқы ресми ойында Конференция аясында Мертир-Тидвил командасын 2:0 есебімен жеңді.

Дагенем энд Редбридж бірнеше маусым бойы Футбол конференциясында ойнады, бірақ 1996 жылы Истмиан лигасының Премьер-дивизионына түсіп қалды. Клуб бұл дивизионда 1999–2000 жылғы маусымда қайтадан жоғарғы лигаға оралғанша ойнады. Қайта оралғаннан кейінгі үш маусымда олар Конференцияның ең мықты клубтарының біріне айналып, тиісінше үшінші, екінші және бесінші орындарды иеленді.

2002 жылы клуб Конференция чемпионы атағын Бостон Юнайтед командасына тек гол айырмасымен беріп қойды. Кейінірек Бостон Юнайтед сол маусымда ойыншыларына заңсыз төлемдер жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Дагенем энд Редбридж клубы өздерін Конференция чемпиондары деп жариялауды сұрады және сол арқылы Футбол лигасына өтуді талап етті, бірақ бұл әрекет сәтсіз аяқталды. Бостон Юнайтед командасынан келесі маусымда 4 ұпай шегерілді, алайда заңбұзушылықтар орын алған маусымда ешқандай жаза қолданылмады.

Осыдан кейін клубтың нәтижелері төмендеп, 2003–04, 2004–05 және 2005–06 маусымдарын турнир кестесінің ортаңғы бөлігінде аяқтады. 2004 жылы 27 ақпанда клуб өз алаңында Херефорд Юнайтед командасынан 0:9 есебімен жеңіліп, Конференция тарихындағы ең ірі жеңіліс нәтижесін қайталадыDag & Red 0–9 Hereford BBC Sport, 27 February 2004.

2006–07 маусымында Дагенем энд Редбридж Оксфорд Юнайтед клубымен чемпиондық үшін күресті. Оксфорд Юнайтед маусымды өте жақсы бастап, көш басында тұрды, алайда кейін нәтиже нашарлап, ал Дагенем энд Редбридж керісінше, керемет ойын өрнегін көрсетіп, оларды басып озды. 7 сәуір күні Дагенем энд Редбридж Олдершот Таун командасын 2:1 есебімен жеңіп, турнир кестесінде қуып жетуге болмайтын айырмашылықпен алға шықты. Осылайша, клуб алғаш рет Конференция чемпионы атанып, тарихында алғаш рет Футбол Лигасында ойнау құқығына ие болдыDag & Red 2–1 Aldershot BBC Sport, 7 April 2007Daggers delight at promotion prize BBC Sport, 7 April 2007.

Футбол Лигасы кезеңі (2007–2015) Дагенем энд Редбридж клубы Футбол Лигасындағы алғашқы ойынын 2007 жылдың 11 тамызында өткізді. Олар Стокпорт Каунти командасынан 1:0 есебімен жеңіліп қалдыStockport 1–0 Dag & Red BBC Sport, 11 August 2007. Алғашқы жеңіс 2007 жылдың 1 қыркүйегінде өз алаңында Линкольн Сити командасына қарсы ойында тіркелдіDag & Red 1–0 Lincoln BBC Sport, 1 September 2007. Дагенем энд Редбридж сол маусымды 20-орында аяқтап, келесі маусымда да Футбол Лигасында ойнауға мүмкіндік алды. Келесі маусымда клуб тарихындағы ең жоғарғы орынға – 8-орынға көтерілді. Олар маусымның соңғы турында үйде Шрусбери Таун командасынан жеңіліп, Лига 2 (League Two) плей-офф кезеңіне өте алмай қалдыDag Red 1–2 Shrewsbury Football.co.uk, 2 May 2009.

2009–10 маусымында Дагенем энд Редбридж плей-офф арқылы Лига 2-ден Лига 1-ге көтерілді. Олар 2010 жылы 30 мамырда Уэмблиде өткен шешуші ойында Ротерем Юнайтед клубын драмалық жағдайда 3:2 есебімен жеңді. Екі рет алға шыққанымен, қарсылас бірден есепті теңестіріп отырды. Ақыры Джон Нёрс 70-минутта шешуші гол соғып, жеңіс сыйлады. Лига 1-гі алғашқы ойын 2:0 есебімен Шеффилд Уэнсдей командасына қарсы сәтсіз өтті. Бұл маусым клуб үшін сәтсіз аяқталды, олар 21-орын алып, 2010–11 маусымының соңғы турында қайтадан Лига 2-ге түсіп қалды.

2011–12 маусымында олар Лига 2-де 19-орын алды. 2012–13 маусым барысында 9 жыл бойы клуб тізгінін ұстаған Джон Стилл Лутон Таун клубына ауысты. Сол маусымда клуб 22-орынды иеленді. Төменгі лигаға түсіп қалу қаупінен аман қалғасын, уақытша бас бапкер болған Уэйн Бернетт тұрақты бапкер ретінде тағайындалды. 2013–14 маусымын тұрақсыз бастаса да, клуб маусымды құрметке лайық 9-орынмен аяқтады.

Алайда сол маусымда клуб аты матч нәтижесін сату дауына байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында жиі аталды. Газеттегі хабарламалардан кейін Ұлттық Қылмыс Агенттігі тергеу жүргізіп, екі футболшы мен бизнесмен Кришна Ганешан, Чанн Санкаран және Уайтхок ойыншысы Майкл Боатенг келісілген ойын үшін сотталып кетті. Мозес Свайбу да 2014 жылдың қаңтарында дәл осындай айыппен жауапқа тартылды. Олардың барлығы 2013 жылы 26 қарашада Уимблдон мен Дагенем энд Редбридж арасындағы ойынды сатып алмақ болғаны үшін парақорлыққа сөз байласқаны үшін айыпты деп танылды. Бұл іс Еуропол мен басқа да органдар ашқан Сингапурлық келісілген ойынды ұйымдастырып жүрген топтың бөлігі болуы мүмкін деген болжам бар.

2014–15 маусымындағы Лига Кубогында Дагенем энд Редбридж Брентфорд командасымен 6:6 есебімен тең ойнап, кейін пенальти сериясында жеңілді. Бұл тарихи матч құрметіне Лига Кубогы Виктория Роуд стадионынан матчта қолданылған қақпа торларын алып, Ұлттық Футбол Мұражайына қойды.

2015–16 маусымында клуб маусымды өте сәтсіз бастады. Уэйн Бернетт 2015 жылдың желтоқсанында жұмыстан босатылып, орнына Джон Стилл қайта тағайындалды. Сол маусымдағы Англия кубогының үшінші турында Дагенем энд Редбридж Премьер-лига өкілі Эвертонға қарсы ойнап, 2:0 есебімен жеңілді. Джон Стиллдің үшінші келісі де клубты құтқара алмады. Лейтон Ориент клубына 3:2 есебімен сырт алаңда жеңілген соң, Дагенем энд Редбридж клубы Лига 2-ден түсіп қалды.

Кәсіби емес лигаға оралу (2016 жылдан бүгінге дейін)

Ұлттық Лигаға қайта оралғаннан кейінгі алғашқы маусымда клуб маусымды 4-орында аяқтады, бірақ плей-офф жартылай финалында Форест Грин Роверс командасынан жеңіліп қалды. 2017–18 маусымы жақсы басталғанымен, маусым ортасында клуб қаржылық дағдарысқа тап болып, нәтижесінде маусымды 11-орында аяқтады. Қаржылық қиындықтар 2018–19 маусымының басында шешілді.

2024 жылдың мамыр айында North Sixth тобына қарасты Club Underdog компаниясы клубты сатып алу жөнінде алдын ала келісімге келді. Осылайша, Дагенем энд Редбридж бұл топтың меншігіндегі бесінші клуб болды. Бұған дейін топ италияның Кампобассо және Асколи, швейцарияның Локарно және АҚШ-тың Бруклин клубтарына иелік ететін .

2023 жылдың наурыз айынан бастап бас бапкер қызметін атқарған Бен Стревенс 2024 жылдың желтоқсанында қызметінен босатылды. Себебі клуб лигада 23 ойында тек 7 жеңіске жетіп, төменгі орындардан небәрі 5 ұпай ғана жоғары тұрған еді. Ақыры, 2024–25 маусымының соңғы турында Дагенем энд Редбридж Ұлттық Лиганың Оңтүстік дивизионына түсіп қалды.

Жетістіктері Дереккөздер:

Лига Football League Two (4 деңгей) Плей-офф жеңімпазы: 2010 National League (5 деңгей) Чемпион: 2006–07 Isthmian League (6 деңгей) Чемпион: 1999–2000

Кубок FA Trophy Финалист: 1996–97 Эссекс Сениор Кубогы Жеңімпаз: 1997–98, 2000–01 Финалист: 2001–02

Дереккөздер

Санат:Англия футбол клубтары