Рама — Никарагуадағы Чибча тобындағы үндіс халқы. Саны 1000 адамнан аз. Олар Рама қаласында және Кариб теңізінің батыс жағалауындағы көршілес ауылдарда тұрады.
Тілі Рама тілі толығымен дерлік ағылшын тілімен ығыстырылған, кейбір рама мискито және испан тілдерінде сөйлейді.
Діні Рама — протестанттар, дәстүрлі нанымдар да сақталған.
Тарихы Рамалар қазіргі аумағына XVIII ғасырдың аяғында мискитолармен ығыстырылған. ХІХ ғасырдың екінші жартысында олар протестанттық миссионерлердің ықпалына түсіп, креол мәдениетін қабылдады.
Кәсібі Дәстүрлі кәсіптерге қолмен жұмыс атқарылатын егіншілік (банан, бұршақ, шабдалы пальмасы, тәтті маниок, жүгері, қант қамысы), аңшылық, балық аулау, терушілік, тауық, күркетауық, шошқа өсіреді. Ерлер жалдамалы жұмыс істейді, әйелдер сату үшін кәдесыйлар жасайды.
Тұрмыс салты ХХ ғасырға дейін үлкен үйлерде тұратын полигиндік отбасылар (кзима, квинбалут) болған. Қауымдастық 2 жартыға бөлінеді, оның басында көшбасшылар кеңесі (кометива).
Дәстүрлі ғұрыптар, мифология, шаманизм сақталған.
Дереккөздер
Санат:Никарагуа халықтары