Франсина Элсье Бланкерс-Кун (26.04.1918–25.01.2004) — Нидерланд жеңіл атлеті, төрт мәрте Олимпиада чемпионы.
Алтын медальдің төртеуін де ол 1948 жылы Лондонда жеңіп алған. Сол кезде ол екі баласы бар 30 жастағы әйел болды да, жанкүйерлер оны «Ұшатын үй шаруалар әйелі» деп атап кеткен.
Еуропа чемпионатында ол бес рет жеңімпаз атанды. Әртүрлі дисциплинадан 12 әлем рекордын орнатқан болатын. Ал голландиялық чемпионаттарда жалпы есеппен 58 рет үздік болып шыққан еді. Ұлттық чемпионаттағы жеңістері СайысЖылдар100 метр 1937, 1938, 1939, 1940, 1942, 1943, 1944, 1946, 1947, 1948, 1949, 1951, 1952200 метр 1936, 1937, 1938, 1939, 1940, 1944, 1946, 1947, 1948, 1950, 1951, 195280 м барьермен 1940, 1944, 1946, 1947, 1948, 1949, 1950, 1951, 1952, 1953, 1954Биікке секіру 1936, 1937, 1939, 1940, 1946, 1947, 1948, 1949, 1950, 1951Ұзындыққа секіру 1939, 1940, 1942, 1944, 1946, 1947, 1948, 1950, 1951Ядро лақтыру 1947, 1955Бессайыс 1937
1999 жылы ИААФ Фанни Бланкерс-Кунды ғасырдың үздік әйел-атлеті ретінде таныды. 2012 жылы оның есімі ИААФ Даңқ залына енгізілді.
нобай|солға|Роттердамдағы мүсіні Дереккөздер
Сілтемелер ИААФ сайтындағы ақпарат Олимпиада сайтындағы ақпарат
Санат:Нидерланд жеңіл атлеттері Санат:Нидерланд Олимпиада чемпиондары Санат:1948 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары