thumb|250px|Лион қаласының Бейнелеу өнері мұражайында сақталған күміс тетрадрахма тиынында Афина үкісі бейнеленген (шамамен б.з.д. 480–420 жж.). Тиындағы "ΑΘΕ" жазуы — ΑΘΗΝΑΙΩΝ сөзінің қысқартылған түрі, ол «афиналықтарға тиесілі» деп аударылады. Күнделікті тұрмыста афиналық драхмалар γλαῦκες, яғни «үкілер» деп аталған.. Бұл күміс тиын алғаш рет б.з.д. 479 жылы, парсылар гректерден жеңілгеннен кейін, Афинада шығарылған. Афина не болмаса Минерва үкісі — бүкіл Батыс әлемінде білімнің, даналықтың, көрегендіктің және эрудицияның символы болып есептеледі.Berger, Cynthia. Owls — Mechanicsburg, PA, USA: Stackpole Books, 2005. — С. X. — ISBN 9780811732130.Deacy, Susan J.; Villing, Alexandra. Athena in the Classical World — Leiden, Netherlands: Brill, 2001. — ISBN 978-9004121423.

Ежелгі грек мифологиясында кішкентай үкі (Athene noctua) дәстүрлі түрде даналық пен соғыстың пәк құдайы — Афинаны бейнелейтін немесе оны ертіп жүретін жануар ретінде қабылданған. Рим мифологиясында Афинаға теңестірілген Минерва құдайымен де осы үкі байланыстырылған.Eason, Cassandra. Fabulous Creatures, Mythical Monsters, and Animal Power Symbols: A Handbook — Westport, CT, USA: Greenwood Publishing Group, 2008. — P. 71. — ISBN 9780275994259. Осыған байланысты бұл құс — көбінесе «Афина үкісі» немесе «Минерва үкісі» деп аталады

Үкі бейнесі Жаңа дәуір философиясында да метафора ретінде қолданылды. Мысалы, Георг Вильгельм Фридрих Гегельдің әйгілі афоризмі кең таралған: «Минерва үкісі ымыртта ғана ұшады (немесе қанатын жаяды)». Бұл сөз тіркесі адамға өз дәуірінің шындығын тек өткеннен кейін ғана толық түсінуге болатынын білдіретін философиялық ойды білдіреді.Волков Г. Н. Сова Минервы. М., 1973 (2-е изд. — М., 1985).

Антикалық әлем Ежелгі Грекия Афина мен үкінің арасындағы байланыс себептері нақты анық емес. Кейбір мифографтар, мысалы Дэвид Кинсли мен Мартин П. Нильссон, Афина Миной өркениетіндегі құстармен байланыстырылған сарай құдайынан тарауы мүмкін деп болжайды,Kinsley, David (1989). The goddesses' mirror: visions of the divine from East and West New York: SUNY Press. p. 141. ISBN 9781438409139.Nilsson, Martin Persson (1950). "The Minoan-Mycenaean religion and its survival in Greek religion". Acta Regiae Societatis Humaniorum Litterarum Lundensis. 9. Biblo & Tannen Publishers: 491. ISBN 9780819602732. ал Мария Гимбутас Афинаның шығу тегін Еуропаның көне дәуіріндегі құс пен жылан құдайы бейнесінен іздеуге тырысады.Gimbutas, Marija (1982). The Goddesses and Gods of Old Europe: Myths and Cult Images Berkeley: University of California Press. pp. 147–150. ISBN 9780520253988.Gimbutas, Marija (2001). Robbins Dexter, Mirijam (ed.). The living goddesses Berkeley: University of California Press. pp. 157–158. ISBN 9780520927094.

Басқа көзқарас бойынша, Синтия Бергер үкінің кейбір қасиеттері — мысалы, түнде көру қабілеті — оны даналықтың символына айналдыруға себеп болды деп пайымдайды, ал Джеффри Арнотт секілді зерттеушілер Афинаның пайда болуы туралы мифтер мен ежелден бері белгілі — аймақта үкілердің көптеп кездесетіндігі арасындағы қарапайым байланысты алға тартады (бұл жайлы көне заманның өзінде-ақ Аристофан «Құстар» және «Лисистрата» пьесаларында атап өткен).Arnott, William Geoffrey (2007). Birds in the Ancient World from A to Z London: Routledge. pp. 84–85. ISBN 9780415238519. Шамамен б.з.д. 400 жылы ол «Афинаға үкі тасу» деген тіркесті енгізген. Бұл сөз тіркесі мағынасыз, қажетсіз іс-әрекетті білдіреді — яғни бір жерде онсыз да көп нәрсені сол жерге тағы әкелу, артық әрекет жасау.Georg Büchmann: Geflügelte Worte. Der klassische Zitatenschatz. 39. Auflage, bearbeitet von Winfried Hofmann. Ullstein, Berlin 1993, S. 304

Қалай болғанда да, Афина қаласы өз қамқоршысы — пәк құдайы Афинаға адалдығының белгісі ретінде үкіні қабылдағандай көрінеді. Sacks, David (1995). Murray, Oswyn (ed.). A dictionary of the ancient Greek world Oxford: Oxford University Press. p. 41. ISBN 9780195112061. Танымал шығу тегі туралы мифке сәйкес, бұл оқиға Парфенон ғимаратының батыс фронтонында бейнеленген: онда Афина қала тұрғындарының қолдауын Посейдонға қарағанда тартымдырақ сыйлық ұсынып, өзіне қаратып алғаны баяндалады.Palagia, Olga (1998). "The Pediments of the Parthenon". Monumenta Graeca et Romana. 7. Brill: 40. ISBN 9004111980.

Үкі бейнесі афиналықтар тарапынан жиі пайдаланылған — оларды құмыраларға, таразы тастарына және Панафиней ойындарындағы жеңімпаздарға арналған амфораларға салып отырған. Афина үкісі б.з.д. 510 жылдан кейін Афина тетрадрахмаларының негізгі бетінде жиі бейнеленетін болды. Филохордың айтуынша,Philochorus: Scholion to Aristophanes, Birds 1106. бұл тетрадрахма бүкіл ежелгі дүниеде глаукс (γλαύξ — кішкентай үкі) атауымен танымал болғанThompson, D'Arcy Wentworth. A glossary of Greek birds. Oxford, Clarendon Press 1895, pp 45–46. және қазіргі нумизматикада да «үкі» деп аталады.Philip Harding: The story of Athens: The Fragments of the Local Chronicles of Attika.Kraay, C.M. The archaic owls of Athens: classification and chronology.

Дегенмен, үкілер тек Афинада ғана Афина құдайын бейнелеу үшін қолданылған емес. Олар басқа грек қалаларында да рух беруші белгі ретінде пайдаланылған. Мысалы, б.з.д. 310 жылы Сиракузалық Агафокл карфагендіктерге қарсы шайқаста жеңіске жеткенде, ұрыс алаңы үстінен ұшқан үкілер Афинаның батасын білдіретін белгі ретінде қабылданған. Сол сияқты, үкілердің ерекше мағынасы Саламин шайқасында да байқалады — бұл оқиға Плутархтың Фемистокл өмірбаянында суреттелген.Rich, John; Rich, John; Shipley, Graham, eds. (2012). War and Society in the Greek World. London: Routledge. ISBN 9781134807833.

Рим мифологиясында

Үкі мен құдай арасындағы байланыс римдік мифологияда Минерва арқылы жалғасын тапты, онда ол Афинамен теңестірілген, бірақ Минерва кейде үкіні жай ғана қасиетті немесе сүйікті құс ретінде қабылдайды. Мысалы, Овидийдің «Метаморфозаларында» қарға (Корона) өзінің құдайдың қасиетті құсы ретіндегі орнын үкі алып қойғанына шағымданады. Бұл оқиғада үкі — Лесбос патшасы Эпопейдің қарғыс атқан қызы Никтимена болып шығады.Anderson, William Scovil (1998). Ovid's Metamorphoses, Books 1-5 Tulsa: University of Oklahoma Press. p. 301. ISBN 9780806128948.

Этрустарда де үкі Минерва құдайының атрибуты болған. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Минерва — этрус тектес құдайша, ал кейінірек оны римдіктер мен басқа италиялық мәдениеттер Минерва ретінде қабылдап алған.Nancy Thomson de Grummond: Etruscan Myth, Sacred History and Legend. University of Pennsylvania, Philadelphia 2006, ISBN 978-1-931707-86-2, S. 71.

Ежелгі Рим фольклорында үкілер өлімнің нышаны ретінде қабылданған — егер олар үйдің төбесінде отырып үкілік болса, бұл жақында болатын өлімнің белгісі деп саналатын. Сондай-ақ, ұйықтап жатқан адамның жанына үкінің қауырсынын қою — оның түсінде сөйлеп, құпияларын ашуына себеп болады деген сенім болған.

Жаңа дәуірде қолданылуы

Иллюминаттар ордені Жаңа дәуірде үкінің бейнесі көбіне интеллект және рационалдылықпен байланыстырылатын болды. 1776 жылдан 1785 жылға дейін өмір сүрген радикалды-ағартушылық бағыттағы құпия қауымдастық — Иллюминаттар ордені — үкіні, ашық кітаптың үстінде отырған бейнеде, даналықтың символы ретінде қолданған.Manfred Agethen: Geheimbund und Utopie. Illuminaten, Freimaurer und deutsche Spätaufklärung. Oldenbourg, München 1987, S. 150; Joachim Körber: Die Wissenschaft bei Dan Brown. Wiley-VCH Verlag, Weinheim 2009, S. 197.

Гегель Ақыл-ойды түнгі үкіге теңеу метафорасы философияда кем дегенде Аристотельдің «Метафизикасынан» бастау алады: онда жарқанаттың күндіз нашар көруі мен адамның таным қабілеті арасындағы ұқсастық келтіріледі (Аристотель, Met. II 993 b9–11). Бұл — таным үрдісіне күмәнмен қарайтын, яғни теріс реңктегі эпистемологиялық метафора — кейінгі философиялық дәстүрлер арқылы ұзақ уақыт бойы жалғасып отырған. Мысалы, Томас Аквиндік де осы бейнені «Пұтқа табынушыларға қарсы Сумма» атты еңбегінде (45 сұрақ та) қолданған.Für einen ideengeschichtlichen Überblick Jörg Hüttner und Martin Walter: Die Eule der Minerva aus vorhegelscher Perspektive: Obereits Avertissement (1795) an Goethe. In: Hegel-Studien 53/54 (2020), S. 301ff.

Ал 19 ғасырдағы неміс идеалист философы Георг Вильгельм Фридрих Гегель, керісінше, осы бейнені оң мағынада қолдана отырып, әйгілі афоризм айтқан: «Минерва үкісі ымырт түскенде ғана қанат жаяды». Бұл — философия тарихи жағдайды оның аяқталу сәтінде ғана түсіне бастайды дегенді білдіреді.Smith, John E. (30 October 2009). "When Dusk Is Only Dusk". New York Times. "Алайда Гегельдің бұл тұжырымы дәуірдің соңғы кезеңіне ерекше маңыз береді дегенді білдірмейді. Керісінше, ол бір дәуірдің аяқталуын білдіреді — бұл аяқталу сол дәуірді қозғаған идеялар мен сенімдердің философиялық сын мен бағалау арқылы анық түрде тұжырымдалуымен расталады. Яғни, бұл идеялар мен сенімдер өз дәуірінде толық ашылып, түсіндірілмесе де, дәуір өткен соң барып ұғынылады." Философия тек «шынайылықтың кемеліне келген сәтінде» пайда болады, өйткені ол өткенге қарап түсінеді.Философия — дүниенің ой түріндегі көрінісі — шынайылық өзінің қалыптасу үдерісін аяқтап, дайын болған кезде ғана пайда болады. Осылайша, тарих мына қағиданы растайды: тек шынайылықтың кемеліне келген сәтінде ғана оған қарсы тұратын идеал пайда болады, ол нақты дүниенің мәнін ұғынып, оны ақыл-ой патшалығына айналдырады.

Философия сұр түсті сұрға бояған кезде (яғни, бәрін ой елегінен өткізіп, бейтарап бағалағанда), өмірдің бір формасы ескіреді, ал оны бұл сұрлық арқылы қайта жасарту мүмкін емес — тек тану ғана мүмкін. Минерва үкісі тек түн көлеңкесі түсе бастағанда ғана ұшады.

— Г.В.Ф. Гегель, Құқық философиясы (1820), «Кіріспе».Клаус Фивег бұл үзіндіні өзінің Гегельге арналған өмірбаянында «философия тарихындағы ең көркем метафоралардың бірі» деп сипаттайды.Vieweg, Klaus (2019). Hegel. Der Philosoph der Freiheit. (= The Philosopher of Freedom.). München. p. 470. Жақында жүргізілген зерттеулерге сәйкес, дәстүрлі философиялық ойға қарсы тұрған Гегельдің бұл бейнелі, оң метафорасы алғаш рет 1795 жылы Йенада — Гёте мен аса танымал емес философиялық жазушы Якоб Герман Оберейттің шығармаларының арасында пайда болған болуы мүмкін. Гегель Йенаға көп ұзамай келіп, дәрістер оқыған.Jörg Hüttner and Martin Walter. "Die Eule der Minerva aus vorhegelscher Perspektive: Obereits Avertissement (1795) an Goethe. (= The Owl of Minerva from a pre-hegelian perspective: Obereit´s Avertissement 1795 to Goethe.)". Hegel-Studies (2020). 53/54: 301–318.

Геральдикада пайдалануы Швейцариядағы Монтаньола елді мекенінің елтаңбасында Минерва үкісі бейнеленген. Ол циркульдің үстінде отыр, ал Монтаньола құрамына кіретін Коллина-д’Оро саяси қауымдастығының елтаңбасында осы циркульге сәйкес келетін бұрыш өлшегіш те бар. Минерва үкісі, циркуль және бұрыш өлшегіш — барлығы да франкмасондықтың (еркін құрылысшылардың) рәміздері болып табылады және бұл символдар қала тарихымен байланысты: өткенде бұл жерде, мысалы, Деметрио Камуцци сияқты көптеген еркін ойшылдар өмір сүрген.Demetrio Camuzzi Il Dizionario storico della Svizzera (DSS)

Нумизматикада пайдалануы Минерва үкісі грек 1 еуро тиынында да бейнеленген — бұл бейне б.з.д. V ғасырдағы ежелгі афиналық тетрадрахмадағы көрініске сәйкес жасалған. Ол грек мифологиялық дәстүрлерін, сондай-ақ олардың мәдениетін — әсіресе батыс философиялық және ғылыми ойының негізін қалаған философиялық және ғылыми мұрасын еске салу мақсатында таңдап алынған.

Дереккөздер

Санат:Ежелгі грек мифологиясы Санат:Рим мифологиясы Санат:Ежелгі Грекия тиындары Санат:Афина