Оккультизм () – ғылыми зерттеуге келмейтін ғажайыптар мен тылсым күштердің бар екенін мойындайтын және олармен өзара іс-қимылдың ерекше әдістерін жасайтын ілім.

19-ғасырда мистик. ағым ретінде пайда болған оккультизм барлық заттар тұтастықты, жиынтықты құрайды, олардың арасында мақсатты қатынастар болады деген теорияға негізделеді. Оған ‘’магия, теософия, спиритизм’’ секілді әртүрлі ілімдердің мистик. бағыттары жатады. Оккультизм тәжірибелік мақсаттар үшін пайдалану мүмкін деп есептейтін жасырын табиғи күштерді зерттеумен шұғылданады. Қазақ энциклопедиясы 7- том

Дереккөздер

Санат:Оккультизм Санат:Философиялық бағыттар мен мектептер Санат:Дін