АҚШ-тағы жаппай депортацияға қарсы наразылықтар — Дональд Трамптың екінші президенттігі басынан бері жүрген, заңсыз мигранттарды жаппай депортациялауға қарсы тұтанған наразылықтар толқыны. Ауқымды наразылықтар Алабама, Калифорния, Джорджия, Иллинойс, Индиана, Массачусетс, Оңтүстік Каролина мен Техас сияқты штаттарда өтті.
Алғышарттар 2025 жылғы 23 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп иммиграциялық бақылауды күшейтуге қатысты бірқатар сайлауалды уәделерін орындауға тырысты. Бұл елдің ірі мегаполистерінде АҚШ-тың Иммиграция және кеден қызметінің (ICE) операцияларының күшеюіне әкелді.
23 қаңтар күні ICE-дің ауқымды рейдтері Атланта, Бостон, Денвер, Майами, Нью-Йорк, Ньюарк, Филадельфия, Сиэтл мен Вашингтон қалаларында өтті. Рейдтер барысында 538 заңсыз мигрант ұсталды. Ньюарк қаласының мэрі ICE қызметкерлері жергілікті мекемелердің бірінде сот ордерінсіз рейд жүргізіп, заңсыз мигранттармен бірге қарапайым азаматтарды, соның ішінде бір ардагерді де ұстағанын мәлімдеді. Ақ үйдің хабарлауынша, Трамп әкімшілігі 538 заңсыз мигрант-қылмыскерді тұтқындаған, олардың қатарында бір терроризмге күдікті, Трен-де-Арагуа бандасының төрт мүшесі және кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыс жасаған бірнеше адам бар.
29 қаңтарда Трамп Гуантанамо шығанағындағы тұтқындар лагерін ондаған мың мигрантты орналастыруға дайындау туралы бұйрық берді.
Барысы Алабама 29 қаңтар күні Альбертвилл қаласының орталығында жаппай депортацияға қарсы қоғамдық демонстрация өтті. Наразылыққа шыққандардың көпшілігі «ұрланған жерде ешкім заңсыз емес» сияқты ұрандар айтты. Альбертвилл қаласы орналасқан конгресс округінің өкілі Роберт Адерхольт бұл демонстрацияны «аса алаңдатарлық» деп сипаттады.
Дереккөздер
Санат:2025 жылдағы АҚШ Санат:Дональд Трамптың екінші президенттігі Санат:2025 жылғы наразылық шаралары