Исламбек Нұрбекұлы Қарақанов (1 наурыз 1958, Семеновка ауылы, Бесқарағай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекет қайраткері.
Өмірбаяны Қараханов Есламбек Нұрбекұлы 1958 жылы 1 наурызда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Бесқарағай ауданы, Семеновка ауылында дүниеге келген.
Мектепті бітіргеннен кейін Қарағанды политехникалық институтының құрылыс факультетіне оқуға түсіп, оны 1980 жылы бітірді.
1992 жылы Мәскеу Президентінің халық шаруашылығы академиясын (басқарушы бөлім) және Жапонияның бизнес және менеджмент мектебін бітірген.
Еңбек жолы 1980 жылдың тамыз айынан 1981 жылдың қаңтар айына дейін Семей қаласындағы «Семтяжстрой» тресінің механикаландырылған жұмыстар басқармасында шебер болып жұмыс істеді.
1981 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Семей қаласындағы «Семипалатинскяжстоя» тресінің «Водоканалстрой» мамандандырылған басқармасы трестінде аумақ шебері болып қызмет атқарды.
1981 жылдың мамырынан 1982 жылдың ақпанына дейін — Кеңес Әскері қатарында қызмет етті.
1982 жылдың желтоқсан айынан 1983 жылдың шілде айына дейін Семей қаласындағы №3 құрама темірбетон зауытында шебер болып жұмыс істеді.
1983 жылдың шілдесінен 1985 жылдың ақпанына дейін «Семипалатинсктяжстрой» құрылыс-монтаж бірлестігінің үй құрылысы комбинатында аумақ шебері болды.
1985 жылдың ақпан-желтоқсан айлары аралығында — «Семипалатинсктяжстрой» өндірістік құрылыс-монтаж бірлестігі басқармасының бас инженері лауазымында еңбек етті.
1986 жылдың қаңтарынан 1987 жылдың маусымына дейін Гурьев қаласындағы «Гурьевнефтехимстрой» құрама құрылыс конструкциялары мен бөлшектері зауытының бас инженері, директоры болып қызмет атқарды.
1987 жылдың маусымынан 1988 жылдың шілдесіне дейін — «Гурьевнефтехимстрой» құрылыс-монтаждау тресі «Химстрой» құрылыс-монтаж басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
1988 жылдың шілдесінен 1992 жылдың наурызына дейін — «Гурьевнефтехимстрой» тресінің басқарушысы лауазымында еңбектенді.
1992 жылы 23 наурызда Семей қалалық әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
1994-1998 жылдары Қарағанды қаласындағы банк филиалы директорының кеңесшісі, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
1998–2006 жылдары Семей қаласы әкімінің кеңесшісі, әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2006 жылдан бастап — «Раптор Семей» холдингінің президенті лауазымында еңбектеніп келеді.
Дереккөздер
Санат:Бесқарағай ауданында туғандар Санат:Семей әкімдері