Sports24.kz — қазақстандық спорттық интернет порталы. Сайт өз қызметін 2024 жылы мерзімді баспа басылымы, ақпараттық агенттік және интернет-басылым ретінде тіркеу туралы № KZ11VPY00102069 куәлігін алғаннан кейін бастады.
Sports24.kz порталын қазақстандық «СП24» ЖШС компаниясы басқарады.
Портал әртүрлі спорт түрлері, жарыстар мен лигалар, соның ішінде футбол, хоккей, бокс, теннис, баскетбол және басқа да спорттық пәндер туралы жаңалықтарды ұсынады. Сондай-ақ сайтта матч орталығы бар.
2025 жылы Sports24.kz жаңартылған «Матч-орталығын»іске қосты, ол тегін түрде нақты уақыт режимінде есеп, голдар, карточкалар мен алмасулар туралы ақпарат, егжей-тегжейлі статистика, ойын кестесі, нәтижелер, турнирлік кестелер, сондай-ақ ірі чемпионаттар мен турнирлерге арналған аналитика мен болжамдарды компьютер мен мобильді құрылғыларға бейімдеп ұсынады.
Дереккөздер