2-дәрежелі армия комиссары () — КСРО ҚК жоғарғы саяси құрамына арналған ЖШҚӘ мен ЖШҚФ жеке әскери атақ.

Бұдан кейінгі төменгі шен — корпус комиссары, ал жоғары атақ — 1-дәрежелі армия комиссары.

Тарихы КСРО ОАК мен КСРО ХКК 1935 жылғы 22 қыркүйектегі «ЖШҚӘ басшылық құрамы үшін жеке әскери атақтарды енгізу туралы» қаулысымен енгізілген.

Іс жүзінде, КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 07.05.1940 жылғы «Қызыл Әскердің жоғарғы қолбасшылық құрамының әскери атақтарын белгілеу туралы» Жарлығымен генералдық атақтардың енгізілуімен жойылды.

Әскерлер түрі Сәйкес атақ/лауазым Қолбасшылық құрамда Жалпыәскери атақ 2-дәрежелі командарм КСРО ішкі істер халық комиссариаты 2-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссарыВеремеев Ю. Г. Анатомия армии. Таблицы воинских званий Русской Армии. Рабоче-Крестьянская Красная Армия 1935—1940 гг. ,КСРО ОАК мен ХКК 1935 жылғы 7 қазандағы қаулысымен енгізілді (ІІХК шекара және ішкі әскерлерінің әскери қызметкерлерінде ЖШҚӘ қатарына қабылданған әскери атақтары болды) КСРО әскери-теңіз флоты 2-дәрежелі флот флагманы Басшылық құрамда құрлықтағы және әскери-әуе күштерінде Арминженер әскери-теңіз күштерінде Флот инженер-флагманы барлық әскер түрлерінің әскери-шаруашылық құрамда Арминтендант барлық әскер түрлерінің әскери-заң құрамда Армәсзаңгер барлық әскер түрлерінің әскери-медицина құрамда Армдәрігер барлық әскер түрлерінің әскери-ветеренар құрамда Арммалдәрі

кіші атақ:Корпус комиссары35px2-дәрежелі армия комиссарыжоғарғы атақ:1-дәрежелі армия комиссары

Есімнама 1935 жыл

Амелин Михаил Петрович (1896—1937), КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі — Киев әскери округінің саяси басқарма басшысы. 1937 жылы 8 қыркүйекте ату жазасына кесілді. Аронштам Лазарь Наумович (1896—1938), КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі — Еділ әскери округінің Әскери кеңес мүшесі. 1938 жылы 25 наурызда ату жазасына кесілді. Булин Антон Степанович (1894—1938), КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі — Беларусь әскери округінің саяси басқарма басшысы. 1938 жылы 29 шілдеде ату жазасына кесілді. Векличев Георгий Иванович (1898—1938), КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі — Мәскеу әскери округінің саяси басқарма басшысы. 1938 жылы 8 қаңтарда ату жазасына кесілді. Гришин Александр Сергеевич (1891—1937), Әскери кеңес мүшесі — Балтық флотының саяси басқарма басшысы. Тұтқындалудан қорқып 1937 жылы 15 шілдеде өзін-өзі атты. Гугин Григорий Иванович (1896—1937), КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі — Қара теңіз флотының саяси басқарма басшысы. 1937 жылы 26 қарашада ату жазасына кесілді. Иппо Борис Михайлович (1898—1937), Н. Г. Толмачев атындағы Әскери-саяси академия басшысы және КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі. 1937 жылы 26 қарашада ату жазасына кесілді. Кожевников Сергей Николаевич (1896—1938), Әскери кеңес мүшесі — Харьков әскери округінің саяси басқарма басшысы. 1936 ж. желтоқсанда жаңа тағайындаусыз қызметінен босатылды; 1937 ж. шілдеде ЖШҚӘ қатарынан шығарылды. 1938 жылы 9 қаңтарда ату жазасына кесілді. Ланда Михаил Маркович (1890—1938), «Қызыл жұлдыз» газетінің бас редакторы. 1938 жылы 28 шілдеде ату жазасына кесілді. Мезис Август Иванович (1894—1938), КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі — Еділ әскери округінің саяси басқарма басшысы. 1938 жылы 21 сәуірде ату жазасына кесілді. Окунев Григорий Сергеевич (1900—1938), КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі — Тынық мұхит флотының саяси басқарма басшысы. 1938 жылы 28 шілдеде ату жазасына кесілді. Осепян Гайк Александрович (1891—1937), ЖШҚӘ Бас саяси басқармасы басшысының орынбасары. 1937 жылы 10 қыркүйекте ату жазасына кесілді. Славин Иосиф Еремеевич (1893—1938), ЖШҚӘ әскери оқу орындары басқармасы басшысы. 1938 жылы 15 наурызда ату жазасына кесілді. Смирнов Петр Александрович (1897—1939), КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі — Ленинград әскери округінің саяси басқарма басшысы. 1937 жылы желтоқсанда КСРО әскери-теңіз флоты халық комиссары оны 1-дәрежелі армия комиссарына дейін жоғарылатты. 1939 жылы 23 ақпанда ату жазасына кесілді. Шифрес Александр Львович (1898—1938), ЖШҚӘ әскери-шаруашылық академиясы басшысы және КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі. 1938 жылы 25 қыркүйекте ату жазасына кесілді.

1937 жыл  — Берзин Ян Карлович (1889—1938), ЖШҚӘ Бас барлау басқармасы басшысы және КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі, ату жазасына кесілді.  — Мехлис Лев Захарович (1889—1953), ЖШҚӘ Бас саяси басқармасы басшысы, 1939 жылы 1-дәрежелі армия комиссары атағына дейін жоғарылатылды. Щаденко Ефим Афанасьевич (1885—1951), ЖШҚӘ қолбасшылық пен басшылық құрам басқармасы басшысы, 1939 жылы 1-дәрежелі армия комиссары атағына дейін жоғарылатылды.

1939 жыл  — Рогов Иван Васильевич (1899—1949), ЖШҚФ саяси үгіт-насихат бас басқармасы басшысы, жағалау қызметі генерал-лейтенанты атағына қайта куәландырудан өтті.

1940 жыл  — Запорожец Александр Иванович (1899—1959), Мәскеу әскери округінің Әскери кеңес мүшесі, 1941 жылы 1-дәрежелі армия комиссары атағына дейін жоғарылатылды.

Бирюков Николай Иванович (1901—1974), Қиыр Шығыс майданының Әскери кеңес мүшесі, танк әскерлері генерал-лейтенанты атағына қайта куәландырылды. Борисов Владимир Николаевич (1901—?), ЖШҚӘ саяси үгіт-насихат бас басқармасы басшысының орынбасары, 1941 жылы шілдеде алаяқтық жасап, атағынан айырылып, 5 жылға еңбекпен түзеу мекемесінеЗвягинцев В. Война на весах Фемиды: Война 1941—1945 гг. в материалах следственно-судебных дел. сотталған. 1944 жылы мерзімінен бұрын босатылып, полковник шенін алды. 1948 жылы тағы да тұтқындалып, 5 жылға сотталды. Мерзімі толық көлемде өтелді. 1954 жылы ақталды.

1941 жыл  — Степанов Павел Степанович (1901—1977), КСРО ӘӘК қолбасшысының саяси істер жөніндегі орынбасары, авиация генерал-майоры атағына қайта куәландырылды.  — Кузнецов Федор Федотович (1904—1979), ЖШҚӘ саяси үгіт-насихат бас басқармасы басшысының орынбасары, генерал-лейтенант атағына қайта куәландырылды.

Айырым белгілері Армия мен авиациядағы 2-дәрежелі армия комиссары атағының айырым белгілері: әскер түрлері танымбелгісі бейнеленген ілгектердегі төрт ромб (1940 жылдың 30 шілдесінен кейін) және барлық дәрежедегі саяси қызметкерлерге екі жеңіне қайырмадан жоғары балға мен орағы бар қызыл жұлдыз (1941 жылы 1 тамызда мұндай жапсырмаларды алып тастады) тігілді.

Тағы қараңыз 1935-1940 жылдардағы ЖШҚӘ әскери атақтары мен айырым белгілері 1940-1943 жылдардағы ЖШҚӘ әскери атақтары мен айырым белгілері 2-дәрежелі флот флагманы 2-дәрежелі командарм 2-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары

Дереккөздер

Санат:КСРО Қарулы Күштерінің әскери атақтары Санат:2-дәрежелі армия комиссарлары