Фёдор Маркелович Чесноков (; 7 мамыр 1896 жыл, Пылково, Пенза губерниясы – 25 мамыр 1938 жыл, Саранск) — эрзя жазушысы, новеллашы, драматург, әдебиеттанушы, мордва әдебиеті негізін қалаушыларының бірі.

Өмірбаяны Чесноков шаруалар отбасында туған. Земстволық мектепті бітіріп, 1912 жылы ол Кутьино екі жылдық училищесіне түсті. 16 жасынан бастап Чесноков бастауыш мектепте оқытатын.

Чесноков Бірінші дүниежүзілік соғысқа және Ресейдегі азамат соғысына қатысқан. Қызыл әскер мүшесі ретінде ол Шығыс майданда шайқасты.

Соғыстан кейін бүкіл күшін Чесноков халқына білім беруге, мәдени құрылысқа арнады. 1922 жылдан ол Мәскеуде тұрды да, ол жерде жоғарғы білім алды: 1924 жылы Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөлімшесін бітірді, Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінің аспирантурасын алды.

1932 жылға дейін Чесноков редактор болды: КСРО халықтары орталық баспасының мордва бөлімінде және Оқу-педагогикалық мемлекеттік баспадағы мордва бөлімінің редакциясында.

Мәскеудегі өмірі кезінде Чесноков ғалымдар А.П. Рябов пен Т.И. Даниловпен бірігіп мордва мектептері үшін оқулықтар дайындады, шығармашылықпен айналысты, «Якстере теште» («Қызыл жұлдыз») газетіне белсене үлес қосты. 1933 жылдан бастап ол — Мордва мәдениеті Ғылыми зерттеу институтындағы әдебиет бөлімінің аға ғылыми қызметкері (Саранск).

1934 жылы Чесноков Кеңестік жазушылар тұңғыш бүкілодақтық съезінде делегат атанды, ол жерде мордва әдебиеті жайлы сөз сөйледі.

1938 жылы Чесноков репрессияланды да, ату жазасына кесілді. Қайтыс болған Чесноковты КОКП XX съезі ақтады.

Шығармашылығы Чесноковтың әдебиеттегі дебюті 1922 жылы орын алды: оның «Сыре учитель» («Кәрі мұғалім») тұңғыш әңгімесі жарық көрді. Әңгіме Кеңестік биліктің тұңғыш жылдарындағы ауыл мұғалімінің өмірі жайлы баяндайтын. Көп ұзамай оның «Велесь явовсь» («Ауыл бөлініпті», 1926), «Лия киява» («Өзге жол бойымен», 1927), «Васень толт» («Тұңғыш жалындар», 1932), «» («Таңдаулы әңгімелер», 1959), «» («Жаңа заман гуілі», 1974), т.б. әңгімелер мен очерткер жинақтары да жарық көрді.

Чесноков әңгіме, очерк, жол жазбалары, пьеса, әдеби шығарма мен басқалардың авторы еді.

Шығармаларының бас кейіпкерлері жиі шаруалар, ал басты тақырыптары революция, Азамат соғысы, коллективизация, Жаңа экономикалық саясат кезіндегі таптар күресі, Кеңес билігінің нығаюы, дінге қарсы бәсеке, мәдени революция болатын.

Ғалымдар Чесноков есімін мордва әдебиетіндегі драматургия пайда болуымен жиі байланыстырады. 1924 жылы Е. Окин мен Т. Васильевпен біріккен ол «Эрзянь пьесат» («Эрзя пьесалары») жинағын шығарды. Жинаққа «Кавто киява» («Екі жол»), «А мон кедензэ палынь» («Ал мен қолын сүйгенмін»), «Роки туво» («Қорсылдайтын шошқа»), «Велув» («Бірігіп»), «Барщинань шкасто» («Барщина кезінде»), «Калдоргауть ташто кайтнэ» («Шайқалды, бұрынғы тұрмыс») пьесалары енді.

Чесноков, оған қоса, балалар әдебиетінің авторы ретінде де белгілі. Оның балаларға арналған шығармашылығы «Тетяка левкс» («Әкесіне тартқан», 1929) пен басқа да жинақтарға енген.

Чесноков мордва әдебиет сынына да үлкен үлес қосқан болатын. Оның «Аволь ансяк кастано» («Өсіп та қоймаймыз», 1931), «Мокшэрзянь драматургиядонть» («Мордва драматургиясы жайлы», 1934), «Эрзянь фольклордонть» («Эрзя фольклоры жайлы», 1934) мақалалары аса белгілі болды.

1933 жылы Мордва тілдерінің орфографиясы, синтаксисі мен терминологиясы туралы конференцияны ұйымдастырғандар қатарында Чесноковтың өзі болды. Конференция Саранскіде өткен.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Лопатино ауданында туғандар Санат:Қызыл профессорлар институты түлектері Санат:Алфавит бойынша жазушылар Санат:КСРО жазушылары Санат:XX ғасыр жазушылары Санат:Мордовия жазушылары Санат:Эрзя жазушылары Санат:Алфавит бойынша драматургтер Санат:КСРО драматургтері Санат:XX ғасыр драматургтері Санат:Мордовия драматургтері Санат:Алфавит бойынша әдебиет сыншылары Санат:КСРО әдебиет сыншылары Санат:XX ғасыр әдебиет сыншылары Санат:КСРО балалар жазушылары Санат:Мордовия балалар жазушылары Санат:КСРО жазушылар одағы мүшелері Санат:Соцреалист-жазушылар Санат:Оқулықтар авторлары Санат:РКФСР-да бұйрықпен атылғандар Санат:Қайтыс болғаннан кейін КСРО-да ақталғандар Санат:1938 жылы бұйрықпен өлтірілгендер Санат:Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар Санат:Ресейдегі Азаматтық соғысқа қатысушылар (қызылдар)