Айшекадын Мешіті () — Едирнедегі (Түркия), Айше Кадын ауданындағы мешіт.
Тарихы Мешітте шебер туралы және ғимараттың өзі туралы жазбалар жоқ. Алайда бүгінде ғибадатханада латын әліпбиімен жазылған, Қор басқармасы дайындаған - мешітті 14 ғасырда Айше Кадын есімді қайырымды адам салған деген жазулар бар.
1468 жылы Айша Кадын қаражатына салынған құрылым бүгінгі күнге дейін негізінен сақталған. Айша Кадын көптеген дүкендер мен моншалар салуға қаражат бөлді. Мешіт маңында дәрет алатын шүмектер сол кездегі қайырымды Қажы Мусли деген кісінің қаражатының есебінен пайда болған. Олар ғимарат ашылғаннан кейін шамамен 80 жыл өткен соң (1647 жылы) орнатылды.
Сипаттама Айшекадын — Эдирненің ең танымал аудандарының бірі. Бұл жер Мехмет Челебидің қызы Айше Хатунның есімімен аталады. Бади әпендінің айтуынша, 1752 жылы шілдеде болған күшті жер сілкінісінен көптеген ғимараттар қатты зақымданған. Солардың бірі – Айшекадын мешіті. Атап айтқанда, күмбезі мен мұнарасы бөлшектеніп құлаған. Кейінгі жылдары мұнара тағы да найзағайдан зақымданған.
Айшекадын толығымен кесілген тастан салынған және өте жақсы шеберлікке ие. Шаршы жоспар бойынша салынған мешіттің бір ғана күмбезі бар. Харим (қасиетті орын) ағаш шатырмен жабылған. Харимге кіре беріс жағынан шатырдың бұл бөлігі алға қарай қисайғанын байқауға болады. Харимді жауып тұрған күмбездегі ойылған тромпалар (конустың бөлігі түріндегі ойыс беті) назар аудартады. Сегіз қырлы барабан классикалық сәулет идеяларына қайшы келеді, мешіттің көркін бұзады деген пікір бар. Мешіттің ең маңызды реставрациясы 1752 жылдан кейін болды.
Мешіт салған шебер ғимараттың күмбезін табиғи шөптен жасалған түрлі әшекейлермен және жұмыртқаның ақ бояуымен безендірген. Ғимараттың ағаш бөліктері мен мінбері ұсақ өрімдерден жасалған. 450 жыл бұрын жасалған 2,5 метрлік ағаш сағат әлі де жұмыс істеп тұр. Құрылғаннан бері жөндеу көрмеген мешітті алғаш рет Измир аймақтық қорлар басқармасы қалпына келтірді.
Дереккөздер
Санат:Түркия мешіттері Санат:Едирне мешіттері