Мұхаммед Әмин Ахун Қажы Молда Алакбарұлы Расулзаде (31 қаңтар 1884 жыл, Новханы – 6 наурыз 1955 жыл, Анкара) — әзербайжандық саясаткер және журналист, Әзербайжан ұлттық кеңесінің басшысы. Ол көбіне 1918 жылы Әзербайжан Демократиялық Республикасын құрған адам ретінде танылады. Оның сөзі ерте XX ғасырдағы Әзербайжан тәуелсіздігі қозғалысының ұранына айналды.
Ерте жылдары 1884 жылғы 31 қаңтарда, Баку маңындағы Новханыда туған Ахун Қажы Молда Алакбарұлы Расулзаде орыс-мұсылман мектебінде, кейін Бакудағы техникалық университетте білім алды. Оқуы кезінде ол «Мүсәват Мұсылман Жастарының Ұйымын» құрды. Ұйым Әзербайжан тарихындағы тұңғыш құпия ұйым болып шықты. 1903 жылдан бастап Расулзаде түрлі оппозициялық журнал-газетте мақала жазатын болды. Бұл кездегі оның монархияға қарсы және Әзербайжан автономиясын қолдайтын көзқарасы социал-демократтар мен коммунистер ұстанымдарымен сәйкесетін. 1904 жылы ол мұсылман социал-демократ ұйымдарының тұңғышы, Гуммет ұйымын құрды, оған тиесілі Takamul (1906–1907), Yoldash (1907) газеттерінің бас редакторы болды. Расулзаде тағы партиясыз Hayat, Irshad газеттері мен Fuyuzat журналына мақала жазатын. Қараңғыдағы жарық драма пьесасы 1908 жылы Бакуда көрсетілді.
Расулзаде мен әріптестері әзербайжан интеллигенциясының өкілдері еді. 1905 жылы олар, соның ішінде Расулзаденің өзі, Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясы (Большевиктер) мүшесі болған. Кеңестік архивтен табылған суреттерде Расулзаде, Прокофий Джапаридзе мен Мәшәди Әзизбаевтың кездескені көрсетілген. Ол екі большевик азаматтық соғыс кезінде атылған Баку комиссарлары ретінде белгілі еді.M.D. Guseinov. Тюркская Демократическая Партия Федералистов "Мусават" в прошлом и настоящем. Baku, 1927, p. 9 Бірінші орыс төңкерісі (1905–1907) кезіндегі революцияшыл қозғалыста Расулзаде белсенді болған. 1905 жылы Бакуда Иосиф Сталиннің өмірін Расулзаденің өзі сақтап қалған деп те айтылады.Rais Rasulzade, "Mahammad Amin Rasulzade: Founding Father of the First Republic,"Azerbaijan International, Vol. 7:3 (Autumn 1999), pp. 22-23
нобай|солға|140px|Расулзаде, 1918 жыл
1909 жылы патшашыл басшылықтан қашқан Расулзаде Иран конституциялық революциясының бөлігі болған 1905–1911 жылдардағы төңкеріске қатысты. Иранда болған Расулзаде Iran-e Azad газетінің редакторы еді, Демократ партиясын құрғандардың бірі болды, партияның Iran-e Now газетін шығарды. Атауы Жаңа Иран дегенді білдіретін бұл газет «парсы газеттерінің ең ұлысы, ең белгілісі, Еуропада көп таралғандарының тұңғышы» делінген. 1911 жылы ол төңкерісті ақтаған Saadet-e bashar (Адамзаттың бақыты) кітабын шығарды. Расулзаде парсы тілінде еркін сөйлейтін.
1911 жылы Ресей империялық әскері Иранға басып кірді де, британдықтармен бірігіп, Қажар соты арқылы Иран төңкерісін аяқтады. Сол себептен Расулзаде сол кездегі Осман империясының астанасы Ыстанбұлға көшті. Бұл жерде, Жас түріктер төңкерісінен кейін ол Türk Yurdu (Түрік жері; жұрты) журналын негіздеді. Иран түріктері жайлы оның сол журналдағы İran Türkleri мақаласы белгілі болып шықты.Azerbaijan Democratic Republic. Azerbaijan Government 1918-1920. Baku, "Youth", 1990. page 25 lines 3-11 from above
Мүсәват партиясы және Әзербайжан Демократиялық Республикасы
нобай|оңға|Әзербайжан Демократиялық Республикасы парламентінің құрылуы нобай|оңға|Расулзаде, әйелі Хамида мен достары
Романовтар әулетінің 300 жылдығына орай 1913 жылы кешірім алған Расулзаде Бакуға оралды. Сол жылы ол Гуммет партиясынан шығып, құпия болған Мүсәват партиясының мүшесі болды. 1911 жылы орнаған бұл партияның панисламист, түркішіл, социалист ұстанымы бар еді,Pan-Turkism: From Irrendentism to Cooperation by Jacob M. Landau P.55On the Religious Frontier: Tsarist Russia and Islam in the Caucasus by Firouzeh Mostashari P. 144Ethnic Nationalism and the Fall of Empires by Aviel Roshwald, page 100Disaster and Development: The politics of Humanitarian Aid by Neil Middleton and Phil O'keefe P. 132The Armenian-Azerbaijan Conflict: Causes and Implications by Michael P. Croissant P. 14 нақтырақ айтқанда түркі мәдениетіне жақындығын қалаған панисламизм.Tadeusz Swietochowski, Russian and Azerbaijan: A Borderland in Transition, Columbia University Press, 1995, p. 52. Партия кейін әзербайжан ұлтшыл партиясы болды да, көп ұзамай Расулзаде оған басшылық етіп кетті. 1915 жылы ол партияның 1918 жылға дейін өмір сүрген Açıq Söz (Ашық Сөз) газетін шығарды. Ақпан төңкерісі орын алды да, өзге құпия партиялардай Мүсәват заңды болып, Нәсіпбек Үсіпбеков басшылығындағы Федералистер партиясының құрамына енді. Федералистер осылайша Кавказ мұсылмандарының бас партиясына айналды. 1917 жылғы Қазан төңкерісі нәтижесінде Кавказ Ресейден бөлінді де, Расулзаде Күнгей Кавказ федерациясы парламентінің мұсылман фракциясын басқарып кетті. Федерация ыдырады да, мұсылман фракциясы Әзербайжан ұлттық кеңесіне айналды, 1918 жылғы мамырда Расулзаде оның президенті болып бірауыздан сайланды.
1918 жылғы 28 мамырда Расулзаде басшылығындағы Әзербайжан ұлттық кеңесі Әзербайжан Республикасының тәуелсіздігін жариялады. 1919 жылы Қажы Зейналабдин Тагиевтен қаржы алған Расулзаде, оған қоса, Рашид-Хан Каплановпен бірігіп, Баку мемлекеттік университетін негіздеді. Расулзаде университетте осман әдебиетін оқытты.
1920 жылғы сәуірде Әзербайжан Демократиялық Республикасы ыдырады да, қашуға мәжбүр болған Расулзаде Бакудан кетіп, Лагич тауларына көшіп, сол жерде кеңестенуге қарсы тойтарысқа дайындалды. Алайда 1920 жылғы тамызда Кеңестік Ресей әскері Гәнжә, Қарабақ, Загатала мен Ленкораньдағы көтерілісшілерді басты да, тұтқынға түскен Расулзаде Бакуға жіберілді. Бұл операцияға Әзербайжан Ұлттық Армиясының бұрынғы офицерлері басшылық еткен еді. Бұрыннан бар Сталинмен байланысы көмегімен ол еш жазасыз Әзербайжаннан Ресейге жіберілді. Келесі екі жыл бойы Расулзаде Мәскеудегі Ұлттар комиссариатында баспасөз өкілі қызметін атқарды. Ол 1922 жылы Санкт-Петербургға жіберілді де, сол жерден Финляндияға қашып кетті.
Қуғындағы өмірі нобай|оңға|«Бір көтерілген байрақ бір отқа тимез!»
Өмірінің қалған жылдарында Расулзаде Түркияда, қуғында өмір сүрген. 1923 жылдан 1927 жылға дейін ол Yeni Kafkasya (Жаңа Кавказ) журналының бас редакторы еді. Мәскеу сұранысынша Кемалист үкімет газетке тыйым салды. 1928 жылдан 1931 жылға дейін Расулзаде түрлі мақала жазуын жалғастары берді. Осы кездері ол О пантюркизме в связи с кавказской проблемой (Кавказ мәселесі мен түркішілдік байланысы жайлы) памфлетін шығарған еді. Ол жерде ол түркішілдікті саяси идеология ретінде емес, мәдени жоспар ретінде көретінін айтты. 1931 жылы Түркиядан қуылған ол Польшаға көшті.
1942 жылы Нацистік Германия Расулзадеге хат жазды. Германия ұлтшыл тарихи басшыларды өз ұлттық легиондарына тағайындамақ болған. Адольф Гитлер Расулзадені Германия басып алған Кавказ басшысы тағайындамақ еді. Расулзаде Мүсәватизм мен Нацизм арасындағы «жақын байланысқа» сенетін. Ол Мүсәват партиясының әлеуметтік саясаты ұлтшыл-социалистке ұқсас деп те айтқан. 1942 жылғы мамырдағы неміс басшылығымен кездесуінде Расулзаде Әзербайжан тәуелсіздігін мақсат қылып, Германиямен стратегиялық одақтастық құрмақ болды. Расулзаде Германияның Күнгей Кавказ мемлекеттерін қайта орнатқанын талап етті, алайда нақты жауап ала алмаған ол Берлиннен кетті.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Расулзаде 1947 жылы Анкара, Түркияға оралды, маргиналды түркішіл саясатпен айналысатын болды. Бұрын Түркиядан да, Ираннан да қуылған Расулзаденің екі мемлекет жайлы естелігі нашар еді.''Charles van der Leeuw, Azerbaijan: A Quest for Identity, Palgrave Macmillan, 2000, p. 121. Америка даусы арқылы берілген 1953 жылғы Әзербайжан халқына сөзінде Расулзаде Әзербайжанның қайта тәуелсіз болғанын қалады.http://www.rasulzade.org/ME_Rasulzade_nin_Amerikanin_Sesinde_chixishi.mp3 1955 жылы ол қайтыс болды. Томас Гольц сөзінше, беті қайтқан адам болды. Расулзаде Анкарадағы Джебеджи Асри зиратында жерленді.
Еске алу нобай|оңға|Расулзаде бейнеленген 1000 манат банкноты
Расулзадеге арналған Әзербайжанда көптеген ескерткіштер бар. Баку мемлекеттік университеті Расулзаде құрметіне аталған. Расулзаде 1993–2006 жылдардағы 1000 манат банкнотының бет жағында бейнеленген.National Bank of Azerbaijan
Ескертпелер
Дереккөздер
Санат:Джебеджи Асри зиратында жерленгендер Санат:Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы мүшелері Санат:Ресей империясы саясаткерлері Санат:Әзербайжан саясаткерлері Санат:Түркия саясаткерлері Санат:Иран саясаткерлері Санат:Әзербайжан ұлтшылдар Санат:Мүсәват мүшелері Санат:Әзербайжан Демократиялық Республикасы парламенті депутаттары Санат:Әзербайжаннан эмигранттар Санат:Әзербайжан ұлттық орталығы (Әзербайжан)