Әзербайжан Халық майданы партиясы (ӘХМП, , , ) — Әзербайжандағы саяси партия. 1989 жылы бұл партияны Әбілфаз Елшібай негіздеген еді. Елшібай 1993 жылы биліктен қуылды да, ӘХМП Хейдар мен Ильхам Әлиевтер авторитар билігіне қарсы ірі оппозициялық қозғалыс болып келген.
Партия демократия, заң үстемдігі және зайырлылық, сондай-ақ адам құқықтарын, діни құқықтар және этникалық азшылықтарға ерекше мән береді.
Тарихы Әзербайжан Халық майданының (ӘХМ) құрушы съезі 1989 жылғы шілдеде болды. ӘХМ антикеңестік қозғалыс ретінде құрылған еді және Әзербайжанның КСРО-дан тәуелсіздігін қолдайтын. Қозғалыс КСРО билігіне қарсы наразылық шараларын ұйымдастыратын. Әзербайжан Кеңес Одағынан тәуелсіздік алды да, Халық майданы жаңа тәуелсіз Әзербайжанды бақылайтын коммунистік ескі гвардияның парламент құру және еркін сайлау өткізуге мүмкіндік бергенін талап етті. ӘХМ, оған қоса, Әзербайжан тұңғыш президенті Аяз Мүтәллибовтің демократиялық реформа жасағанын талап еткен. Мүтәллибовтің 1992 жылғы президент сайлауын күшін жою әрекетінен кейін ӘХМ оны 1992 жылы биліктен қуып жіберді. 1992 жылғы сайлауда президент болып ӘХМ басшысы Әбілфаз Елшібай сайланды.
1993 жылғы төңкеріс барысында Елшібай биліктен қуылды да, Хейдар мен Ильхам Әлиевтер үкіметі партияның бірнеше сайлауға қатысуына тыйым салды, ӘХМ мүшелерін репрессиялады. Партия, оған қоса, бірнеше сайлауға бойкот жариялап көрген. Елшібай өлімінен бергі партияның қазіргі басшысы — Әли Кәрімлі.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ресми сайтының мұрағат нұсқасы
Санат:Алфавит бойынша саяси партиялар Санат:Әзербайжан саяси партиялары Санат:1988 жылы құрылған саяси партиялар Санат:Әзербайжан ұлтшыл партиялары