Эмилия Луиза Флёге (; 30 тамыз 1874 жыл, Вена – 26 мамыр 1952 жыл, Вена) — аустриялық сәнгер және кәсіпкер. Суретші Густав Климттің серігі болған.

Өмірбаяны Флёге — жонушы Германн Флёгенің (1837–1897) төртінші баласы. Эмилия Флёгенің екі әпкесі Полин мен Хелен және ағасы Германн болған.

Флёге өз еңбек жолын тігінші болып бастаған. Кейін ол жоғары сәнмен айналысатын болды. 1894 жылы оның әпкесі Полин киім тігу мектебін ашты да, Эмилия сол жерде жұмыс істейтін болды. 1899 жылы екі ағайынды сайыста жеңді де, көрмеге батист көйлегін тігуге тапсырма алды. Сол жылы Эмилия қолмен Мария Альтман анасының қалыңдық көйлегін жасады.

Хелен әпкесі мен Флёге 1904 жылдан табысты кәсіпкерлер атанды, Schwestern Flöge (Флёге сіңлілер) сән салонын ашты. Флёге киім стилін Венадағы феминистік қозғалыс алға тартты. Киім жоғары кеудешелермен, бос силуэтпен және иілген жеңдермен ерекшеленетін. Көйлектердің бұл түрі әйелдердің денсаулығына жақсырақ болады және қозғалыс ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді деп есептелді. Лондонға және Парижге сапарлары кезінде ол Коко Шанельдің және басқа замандастарының соңғы сән трендтерімен танысты, алайда 1938 жылы Нацистік Германияның Аншлюсінен кейін Флёге өзінің ең маңызды тұтынушыларынан айырылып, Вена қоғамының жетекші сән алаңына айналған салонын жабуға мәжбүр болды. 1938 жылдан кейін ол 39 Ungargasse көшесіндегі үйінің жоғарғы қабатында жұмыс істейтін болды.

Флёге веналық богема мен fin de siècle топтарының мүшесі болды. Ол Густав Климттің өмірбақи серігі де еді. 1891 жылы Флёгенің Хелен әпкесі Климттің бауыры Эрнст Климтке үйленді. 1892 жылғы желтоқсанда Эрнст Климт қайтыс болды да, Густав Климт Хеленнің қамқоршысы болды. Сол кезде 18 жаста болған Эмилиямен Густав осылайша жиі көрісіп жататын да, Аттерзе көлінің маңында Флёге отбасымен демалатын.

1891 жылдан бері суретші болған Густав Климт Флёгені түрлі еңбектерінде бейнелейтін. СарапшыларAlfred Weidinger (art historian and vice director of Belvedere Museum Vienna) in interview in ORF broadcast "Klimt am Attersee", 26 тамыз 2012. пікірінше, Климттің әйгілі Сүйіс суретінде Флёгенің өзі салынған. Климт Вена қоғамындағы жоғарғы тап әйелдердің біразын танитын, олармен жұмыс істейтін да, Флёге осылайша біраз клиентке қол жеткізе алды.

1981 жылғы 11 қаңтарда Климт инсульттен қайтыс болды. Оның соңғы сөздері «Эмилия келсін» еді деген хабарлар бар.Powell, Nicolas. "Emilie Floge and her lover Gustav Klimt." Apollo: The International Magazine for Collectors, August 1982, Vol. 116, p112-114. Флёге оның жеке меншігінің жартысына ие болды. Қалған жартысы суретшінің отбасына берілді.

Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы апталарында Флёгенің Ungargasse-дегі үйі өрттенді. Флёгенің тек көйлектер жинақтамасы ғана емес, тағы Климттен қалған бағалы заттары да осылайша жоғалды.

Флёге 1952 жылғы 26 мамырда, Венада, 77 жасында қайтыс болды. Ол Флёге–Доннер отбасылық қабірінде, Зиммерингтегі Протестант зиратында жерленген.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Аустрия сәнгерлері Санат:Аустрия кәсіпкерлері Санат:Густав Климт Санат:Натурашылар