Дерусификация («де…» + «русификация» сөздерінің қосындысынан шыққан) — орыстандыру саясатының кері процесі, яғни белгілі бір аумақтарда, елдерде немесе халықтар арасында орыс тілінің, мәдениетінің, ықпалының азаюы немесе жойылуы. Бұл процесс әртүрлі формада көрініс табуы мүмкін, соның ішінде тіл саясатының өзгеруі, орысша атауларды жергілікті тілдерге ауыстыру, білім беру мен бұқаралық ақпарат құралдарының ұлттық тілдерге көшуі және т.б.КартаСлов.ru 2025.03.28

Дерусификация үрдісі негізінен Ресей империясының содан кейінгі КСРО кезеңдеріндегі орыстандыру саясаттарынан кейін жүрді.

Тарихы Дерусификация Ресей империясының отарында не болмаса Кеңес Одағы құрамында болған елдерде жүргізілді. Дерусификация түрлі кезеңдерде әртүрлі елдерде жүргізілді. Әсіресе Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін посткеңестік елдерде дерусификация процестері айқын көрінді. Балтық елдері, Орта Азия, Кавказ және Шығыс Еуропа мемлекеттері өздерінің ұлттық ерекшеліктерін қайта жаңғырту үшін бұл саясатты жүргізді.

Әртүрлі елдердегі дерусификация Қазақстан Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамыту және оның қоғамдағы орнын нығайту бағытында бірқатар шаралар қабылданды. Қазақ тіліндегі білім беру мекемелерінің саны артты, кеңестік кезеңнен қалған атаулар өзгертілді.EurasiaChat: A year of de-Russification in Central Asia. Балтық елдері Латвия, Литва және Эстония елдері дерусификацияны өте белсенді жүргізді. Бұл елдерде орыс тілінің ресми мәртебесі жойылып, азаматтық алу үшін мемлекеттік тілді білу талабы енгізілді.Qamshy.kz Латвия орыс тілін оқытудан біртіндеп бас тартады. 24 сәуір 2024ж

Украина Украинада 2014 жылғы оқиғалардан кейін дерусификация күшейе түсті. Орыс тілі мектептер мен мемлекеттік мекемелерден ығыстырылып, украин тілі мен мәдениетіне басымдық берілді.Derussification of Ukraine as cities remove symbols and culture from Soviet era. Euro News.

Қоғамдық дау Дерусификация көптеген елдерде қоғамдық пікірталас тудырады. Қолдаушылар бұл процесті ұлттық тіл мен мәдениеттің дамуы үшін қажет деп санайды. Олар отаршылдық мұрадан арылу және ұлттық бірегейлікті нығайту маңызды деп есептейді. Қарсы пікір білдірушілер бұл процесті дискриминация немесе белгілі бір топтардың құқықтарының шектелуі ретінде көреді. Кейбір жағдайларда, дерусификация әлеуметтік шиеленістер мен саяси дауларға әкелуі мүмкін.Azattyq Radio. Уход от «колониального прошлого»? Идеи переименования сёл и улиц: реакция. 15 сәуір 2021ж. Мұрағатталды!

Тағы қараңыз Орыстандыру Украина Қырым аннексиясы Ресейдің Украинаға басып кіруі

Дереккөздер

Санат:Дерусификация Санат:Тіл саясаты Санат:Мәдени ассимиляция