Орталық Грекия () — Грекияның шеткі бөлігі (периферия), әкімшілік–аумақтық бірлік. Бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың аймақтық бөлімі және әкімшілік бөліністің бөлігі. 2011 жылдан бастап «Каддикратис» бағдарламасы бойынша ол Фессалия мен Орталық Грекияның орталықтандырылмаған әкімшілігінің бөлігі болдыhttps://kede.gr/uploads2010/FEKB129211082010_kallikratis.pdf // Εφημερισ τησ κυβερνησεωσ. — 2010. — 11 Αυγούστου. — Σ. 17372.. Ол Грекияның орталық бөлігінде, ең таулы шетінде орналасқан. Скирос және Эвбея аралдарын қамтиды. 2011 жылғы халық санағы бойынша тұрғын. Ауданы 15549,311 шақырымhttp://dlib.statistics.gr/Book/GRESYE_02_0101_00098%20.pdf. Тығыздығы бір шаршы километрге 35,2 адам. Облыстың әкімшілік орталығы – Ламия қаласы. 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап перифериарх болып Фанис Спанос сайланды.

1987 жылы «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 1622/86 Заңына сәйкес құрылған. Периферияға Беотия, Фокида, Фтиотида, Эвбея және Эвритания облыстары (ном) кіргізілді.

alt=|нобай|Көк түспен боялған бөлік – Грекия корольдігі 1832 жылы Орталық Грекия (Στερεά Ελλάδα) деген атау Грек революциясынан кейін және 1832 жылы Грекия корольдігі құрылғасын кейін, мемлекетің континенттік бөлігіне берілді. Солтүстікте Орталық Грекия Фессалия мен Эпирдің шағын бөлігін, оңтүстігінде Орталық Грекия Коринф шығанағы мен Сароникос шығанағына дейін, батыста Ион теңізіне дейін, шығыста Малиакос, Вориос-Эввоикос және Нотиос-Эввоикос шығанақтарына дейін, сондай-ақ Эгей теңізін қамтиды. Бұл аймақ тарихи аймақ емес.

Әкімшілік бөлініс 2011 жылдан бастап периферия «Калликратис» бағдарламасына сәйкес 5 перифериялық бірлікке, оның ішінде 25 қауымдастыққа бөлінді: Перифериялық бірлікҚауымдастықХалық саны (2011)Ауданы, км²Тығыздығы, адам/км²БеотияАлиартос-Теспие258,77742,44Дистомон-Арахова-Андикира8188294,0527,85Левадия694,01645,12Орхоменос415,91427,94Танагра461,02342,15Фивы830,11243,94ФокидаДельфы1121,67123,82Дорида998,89313,64ФтиотидаАмфикпия-Элатия533,32020,48Домокос707,95316,24Камена-Вурла337,29835,84Ламия947,00679,53Локри614,76131,92Макракоми836,56419,17Стилис463,86327,49ЭвбеяДирфис-Месапия777,42024,18Истиея-Эдипсос509,20441,40Каристос674,63518,05Кими-Аливерион804,98335,33Мандудион-Лимни-Айия-Ана584,78420,60Скирос2994223,10013,42Халкида424,766240,66Эретрия168,55777,44ЭвританияАграфа6976920,3417,58Карпенисион948,58313,82

Перифериархтар Перифериарх (гр. Περιφερειάρχης) — бұл Грекияның әкімшілік бөлінісінің, яғни перефириясының (облыстың) басшысы. Перифериарх — бұл жергілікті үкіметтің лауазымды тұлғасы, ол өз аймағында әкімшілік қызметтерді басқаруға жауап береді, жергілікті билікті жүзеге асырады және аймақтың дамуын бақылауға жауапты болады. Перифериарх тағайындалады немесе сайланады, және ол жергілікті әкімшіліктің жетекшісі болып табылады.

2014–2019 Костас Бакояннис (Κώστας Μπακογιάννης); 2019–қазіргі уақытқа дейін Фанис Спанос (Φάνης Σπανός).

Дереккөздер

Санат:Орталық Грекия Санат:Грекия перифериялары