АҚШ пен Украина арасындағы пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі келісім — 2025 жылғы 30 сәуірде жасалған АҚШ-тың Украина аумағындағы пайдалы қазбаларға (сирек кездесетін металдар, көмір және т.б.) қол жеткізуі туралы екі ел арасындағы келісім.
Алғышарттар Украина литий, графит, марганец және титан кені сияқты пайдалы қазбалардың айтарлықтай қорына ие. Бұл ресурстардың көп бөлігі игерілмеген, ал кейбір кен орындары Ресей бақылауындағы аумақтарда орналасқан. 2024 жылдың қыркүйегінде Президент Зеленский АҚШ-қа осы ресурстарды игеруге қатысу туралы ұсыныс жасап, оны Ресейге қарсы қолдауды жалғастырумен байланыстырды. Президент Трамп бастапқыда америкалық көмек үшін 500 миллиард доллар талап етті, бірақ кейін бұл сома келісімнен алынып тасталды.
Зеленский мен Трамптың кездесуі (2025)
2025 жылғы 25 ақпанда Дональд Трамп Владимир Зеленскийдің 28 ақпанда келісімге қол қою үшін АҚШ-қа келуді жоспарлап отырғанын растады.
Зеленский мен Трамптың келіспеушілігі нәтижесінде келісімге қол қою тоқтатылды.
Ақпандағы келісім Украина мен АҚШ арасындағы минералдық ресурстар жөніндегі келісім – 2025 жылдың ақпанында жарияланған келісім жобасы, онда америкалық компаниялардың Украина аумағындағы минералдық ресурстарды, соның ішінде сирек кездесетін элементтерді бірлесіп игеруі қарастырылған болатын. Алдын ала келісімге Украина Президенті Владимир Зеленский мен АҚШ Президенті Дональд Трамп қол жеткізгені хабарланған.
Келісімнің негізгі мақсаты екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту және Украинаның қалпына келуіне инвестициялар тарту болды. Алайда, 28 ақпанда келіссөздер тоқтатылып, келісім жүзеге аспай қалды.
Украина жайлы 2025 жылғы Лондон саммиті Ақ үйдегі кездесуге жауап ретінде 2 наурызда Зеленский Лондонда Еуропа одағындағы 14 ел басшыларымен, Канада премьер-министрі Джастин Трюдомен, Урсула фон дер Ляйен мен басқалармен кездесті. Саммитте АҚШ-қа берілмек бейбітшілік келісімінің бастамасы жасалмақ болды.
2 наурызда британдық БАҚ-пен сөйлескен Зеленский АҚШ пен Украина қатынастарының жақсара алатынына сенетінін, келісімнің дайын болғанын айтты.
1 мамыр күні келісім ақыр аяғында жасалды. Оған қол қойғандар — АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент пен Украина премьер-министрінің орынбасары Юлия Свириденко.
Тағы қараңыз Дональд Трамптың Конгрестің бірлескен отырысындағы сөзі (2025)
Дереккөздер
Сілтемелер Ukraine may yet get better of Trump on mining deal / Reuters Trump teases Zelensky visit to DC Friday to sign rare earths deal / New York Post What minerals does Ukraine have — and can they be extracted? / The Times
Санат:Украинаның халықаралық келісімдері Санат:АҚШ-Украина қатынастары