Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев (8 наурыз 1970, Петропавл) — қазақстандық дипломат, елші, Дүниежүзілік туризм ұйымындағы өкіл (2012—2018), Чехиядағы елші (2023—). 1-сыныпты бірінші хатшы.

Өмірбаяны 1970 жылы 8 наурызда Петропавлда дүниеге келді.

Мансабы 1993—1994 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының референті; 1994—1994 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік протокол басқармасының референті, атташесі; 1994—1996 — Ресей СІМ Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы; 1996—1997 — Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің атташесі; 1997—1999 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Үшінші департаменті Еуропа және Америка басқармасының екінші хатшысы; 1999—2003 — Қазақстанның Испаниядағы Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы; 2003—2004 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры; 2004—2009 — Қазақстанның Испаниядағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі; 2009—2012 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаменті директорының орынбасары; 2012—2018 — Қазақстанның Испаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі; 2015—2018 — Қазақстанның Андоррадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі; 2018—2023 — Қазақстанның Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі; 2023 — Қазақстанның Чехиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Білімі 1993 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін “тарихшы” мамандығы бойыншп, 1996 жылы Ресей СІМ Дипломатиялық академиясын аяқтады.

Жеке өмірі Үйленген, 1 ұлы бар — Мәди (2002 туған).

Ағылшын және испан тілдерін меңгерген.

Марапаттары мен атақтары Құрмет ордені; “1-сыныпты бірінші хатшы” дипломатиялық дәрежесі.

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның Чехиядағы елшілері Санат:Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілері Санат:Қазақстанның Андорродағы елшілері Санат:Қазақстан дипломаттары Санат:Қазақстанның Испаниядағы елшілері Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті түлектері