Израиль мен Хезболланың бейбіт келісімі — Израиль мен Хезболла қозғалысы атысты тоқтату келісімі 27 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 4:00-де (Астана бойынша 07:00) қабылданды.
Бітім Израиль-Хезболла Бітімге сәйкес, «Хезболла» өз жасақтарын Израиль шекарасынан 30 шақырым алшақтатуға тиіс. Ал Израиль Ливаннан қарулы күштерін 60 күнде шығаруға міндетті. Содан кейін Ливан-Израиль шекарасы Ливан армиясының бақылауына өтеді. Бұл аймақта атыс Израиль Газа секторында «Хамасқа» қарсы соғыс ашқанда басталды.
Израиль-Хамас
«Хамас енді таңдауын жасауға тиіс. Оларда қалған жалғыз амал – тұтқындағы азаматтарды (соның ішінде Америка азаматтары да бар) босату. Осы процесс барысында әскери қимылдарын тоқтатып, соның салдарынан гуманитарлық көмек артады. Алдағы күндері АҚШ Түркия, Египет, Катар, Израиль және басқа елдермен Газа секторында атысты тоқтатуға қол жеткізу үшін тағы бір қадам жасайды» - деді Байден.
Ескерту Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мәлімдегендей, «Хезболла» келісімді бұзса, соғыстың қайта басталатынын ескертті. "Егер Хезболла келісімді бұзып, қайта қарулануға тырысса, біз шабуыл жасаймыз. Егер ол шекара маңындағы террор инфрақұрылымын қалпына келтіруге әрекет жасаса, біз шабуыл жасаймыз. Егер ол зымыран жіберсе, егер ол туннель қазса, егер ол зымыран таситын жүк көлігін әкелсе, біз шабуыл жасаймыз. Әрбір бұзушылыққа біз күшпен жауап береміз", - деп мәлімдеді Нетаньяху. АҚШ атысты тоқтату келісімінің сақталуын қадағалайтын бес мемлекеттен тұратын комитетті басқарады. Бұл орган "Хезболла" келісімді бұзып жатыр деп есептесе, Израильдің Ливанға соққы беру құқығын мойындайтын құжатты жариялайды.
Реакция : Қауіпсіздік кабинетінде отырған Израильдің әсіре оңшыл қауіпсіздік министрі Итамар Бен Гвир соғыс "абсолютті жеңіске" дейін жалғасуы керек деп санайды.
Сауалнамада Нетаньяхуды қолдайтын израильдіктердің 80%-дан астамы келісімге қарсы екенін көрсетті.
Тағы қараңыз Үшінші Ливан соғысы (2024) Үшінші Ливан соғысының хронологиясы (2024)
Дереккөздер
Санат:Халықаралық шарттар Санат:Бітімгершілік келісімдер Санат:Израиль тарихы