Лика-Сень жупаниясы () — Хорватияның солтүстік-батысында орналасқан жупания. Жупанияның әкімшілік орталығы — Госпич қаласы.
Географиясы Жупания шығыста Адрия теңізінің солтүстік жағалауымен және батыста Босния мен Герцеговинамен шекаралас. Ол Сень қаласының айналасындағы Хорватия теңіз жағалауының оңтүстік бөлігін, Паг аралының солтүстік бөлігін және елдің ішіндегі тарихи Лика аймағын қамтиды.
Жупанияның аумағы — 5353 км². Оңтүстігінде Задар жупаниясымен, солтүстік-батысында Приморье-Горски Котар жупаниясымен, солтүстігінде Карловац жупаниясымен шектеседі.
Жупанияның аумағы өте таулы, жағалау бойымен Велебит тау тізбегі өтеді, ал жупанияның шығыс бөлігі Динар таулы үстіртінде орналасқан. Лика-Сень жупаниясында екі ұлттық парк — Северни Велебит және Плитвиц көледрі бар.
Халқы Жупания халқы — 53 677 адамЕлді мекендер бойынша халықтың жыныс және жас бойынша таралуы — Хорватияның статистика бюросы. , халық тығыздығы елдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі — 1 км²-ге 7 адам. Жупанияда хорваттар (86,15 %), сербтер (11,54 %), албандар (0,20 %), босниялықтар (0,16 %) тұрады (2001 жылғы деректер бойынша)Қалалар мен қауымдастықтар бойынша ұлттар .
Қалалар: Қала Халық саны Госпич 6088 Сень 5491 Оточац 4354 Новаля* 2078 * Паг аралында орналасқан.
Қауымдастықтар: Бринье Доньи Лапац Карлобаг Ловинац Перушич Плитвичка Езера Удбина Врховине
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Жупанияның ресми сайты
Санат:Хорватия жупаниялары