«Росатом» мемлекеттік атом энергиясы корпорациясы (; қысқартылған атауы - «Росатом» Мемлекеттік корпорациясы; ; ROSATOM ) - атом өнеркәсібіндегі 400-ден астам кәсіпорынды біріктіретін ресейлік мемлекеттік холдинг. Уран қоры және өндіру көлемі бойынша әлемде бесінші , атом энергиясын өндіру бойынша әлемде төртінші орында, уранды байыту бойынша қызметтердің әлемдік нарығының 40% және ядролық отын нарығының 16,3% бақылайды.https://rosatom.ru/aboutcorporation/
Тарихы «Росатом» мемлекеттік корпорациясының тарихы ресейлік атом өнеркәсібінің тарихымен тығыз байланысты. 1953 жылы 26 маусымда КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы атом өнеркәсібін қадағалайтын Бірінші Бас басқармасы КСРО Орта машина жасау министрлігі болып қайта құрылды. Ядролық қаруды жасау және сынау мәселесінен басқа, министрлік атом энергетикасы мәселелерімен де айналысты. Осылайша, 1954 жылы Обнинск қаласында (Калуга облысы) Игорь Васильевич Курчатовтың басшылығымен құрылған әлемдегі бірінші атом электр станциясы іске қосылды.https://www.biblioatom.ru/
Дереккөздер