Ғалымжан Олжаұлы Пірматов (24 сәуір 1972; Шымкент облысы, Қазақ КСР) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы (2022-2023).

Білімі 1993 жылы Жаңасібір мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша үздік бітірді. 1993 жылы Қазақстандық экономика менеджменті және болжау институтын «Іскерлік әкімшіліктендіру магистрі» мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы MBA дәрежесінде Willamette University-де білім алған.

Еңбек жолы Жас маманның алғашқы жұмыс орны «Алтын-Тас» алтын өндіру кәсіпорны болды, онда 1994-1998 жылдар аралығында қаржы директоры қызметін атқарды. 2002-2003 жылдары — «AES КиевОблЭнерго» компаниясының қаржылық директоры болды. 2003-2004 жылдары — «AES Украина» компаниясының коммерциялық директоры болды. 2005-2007 жылдары — «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Жобаларды қаржыландыру департаментінің басшысы, басқарушы директор – инвестициялық банкинг департаментінің директоры болды. 2007-2009 жылдары — Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болды. 2009-2011 жылдары — «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті болды. 2011-2015 жылдары — Cameco Kazakhstan президенті болды. 2015-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2017-2021 жылдары — «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық ядролық компаниясының басқарма төрағасы болды. 2022 жылдың 3 ақпанынан 2023 жылдың 4 қыркүйегіне дейін — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметін атқарды.

Марапаттары «Құрмет» ордені (2016); «Парасат» ордені (2021); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016).

Дереккөздер

Санат:Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағалары