Қазақстан астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру — Қазақстан тарихында ел астанасын үшінші, ал тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш көшіруі. Бұл бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі елдің экономикалық және демографиялық үдерістеріне айтарлықтай әсер еткен мемлекет астанасының алғашқы және жалғыз көшіру еді. Астананы көшіруге Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрылтайшы болды.
Көшіру себептері Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың естелігіне сүйенсек, Назарбаев 1992 жылы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жаңа астана құру идеясының төңірегінде жүрген. Алматының астана болып қалуы географиялық тұрғыдан тиімсіз еді. Нақтылап айтсақ, шалғай аудандарда сепаратистік қозғалыс орын алып, мемлекеттің біртұтастығына қауіп төндірді. Алматының географиялық орналасуы қаланы 1990-жылдары ары қарай үлкейтіп кеңейтуге жол бермеді. Оған қоса, Алматы сейсмикалық тұрақсыз аймақта орналасқан соң, табиғи апат қаупі жоғары еді Назарбаев Н. А. Астана // Моя жизнь: От зависимости к свободе. — Астана: Фолиант, 2023. — С. 332—361. — 708 с. — 7500 экз. — ISBN 978-601-271-803-4..
Қауіпсіздік тұрғысынан тәуелсіз Қазақстанның астанасы сыртқы шекарадан алыс, елдің орталығына жақын болуы тиіс еді. Сондай-ақ, жоғары мемлекеттік билік органдары қызметінің қауіпсіздігін, өңірлерде жағдай шиеленіп жатқан жағдайда олардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету маңызды болды.
Жаңа астананы таңдау кезінде Назарбаев 32 критерийді ұстанды: әлеуметтік-экономикалық әлеует, климат, жер бедері, сейсмикалық жағдай, қоршаған орта, инженерлік және көлік инфрақұрылымдары, коммуникациялар, құрылыс кешені, еңбек ресурстары және т.б. Жаңа астана рөліне Ұлытау, Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе сияқты аймақтар қарастырылған. Астананы Ұлытауға көшіру нұсқасынан су тапшылығы, темір жолдың жоқтығы, өңірдің магистральдық жолдардан тыс болуына байланысты бірден бас тартылды. Қарағанды мен Көкшетаудың кандидатуралары инфрақұрылымның әлсіздігінен, ал Ақтөбе елдің орталығынан алыс географиялық орналасуына байланысты қабылданбады.
Президент тағайындаған арнайы комиссия Ақмоланы таңдаған, өйткені қала ел экономикасының дамуын анықтайтын ірі экономикалық аймақтарға бірдей қашықтықта, әрі жақын орналасқан. Бұл өңірлердегі ұлттық саясатты тиімді жүргізуге, әрі халық тығыз қоныстанған оңтүстік аймақтардан өнеркәсібі дамыған солтүстік облыстарға көшті қалыптастыруға, халықты Орталық және Солтүстік Қазақстанның өнеркәсібі және ауыл шаруашылығына тартуға мүмкіндік берді. Ақмола көптеген жолдардың қиылысында орналасқан. Қала аумағы кең, ауыз су салыстырмалы түрде жеткілікті, халық саны аз. Яғни құрылысты сәтті жоспарлауға, ерекше сәулеттік жоспарларды жүзеге асыруға және демографияны реттеуге мүмкіндік көп болды. Оған қоса, қаланың қақ ортасында 30 гектар жер бос болды, онда қажетті нысандарды салуға тиімді мүмкіншілік болды.
Астананы көшіру тарихы Астананы көшіру идеясын алғаш рет Президент Нұрсұлтан Назарбаев баяндамаларының бірінде айтқан болатын. Оның естеліктері бойынша:
1994 жылғы 6 шілде күні Н. Назарбаев Қазақстан Жоғарғы Кеңесі депутаттарының алдына елорда көшіру туралы ұсыныс жасады. Президент астананы көшірудің тек бір ғана қайтарылмас шығыны - көшу шығыны, ал қалғанының бәрі болашаққа жасалатын инвестиция екенін айтты. Парламентте күні бойы түрлі пікір айтылып, ақырында екіге бөлінді. Бір бөлігі президенттің пікірін қолдады. Кейбір депутаттар ел өзін асырай алмай жүрген кезде, экономикалық дағдарыс жағдайында елорда көшіру қисынсыз деп пікір білді. Үшінші бөлім идеяны қолдады, бірақ оны кейінірек жүзеге асыруды кейінге қалдыруды ұсынды. ҚР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Әбіш Кекілбаев сол күндегі Парламент кулуарында болғанды былай сипаттаған:
Нәтижесінде Астананы көшіру мәселесі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінде қаралды. 1994 жылғы 6 шілде күні Жоғарғы Кеңес дауыстағы азғантай ғана айырмашылықпен бұл ұсынысты мақұлдау туралы шешім қабылдады. Қазақстанда 6 шілде күні - Астана күні мемлекеттік мереке ретінде тойланады.
1995 жылғы 15 қыркүйек күні Президент Н. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» заңды күшке ие Жарлығы шықты. Жарлық аясында жоғарғы және орталық мемлекеттік органдарды Ақмолаға көшіру жөніндегі Мемлекеттік комиссия құрылды, оны Николай Макиевский басқарды. Үкіметке бюджеттен тыс «Жаңа астана» қорын құру туралы тиісті тапсырма берілді. Ақмоланы мемлекеттік қазына есебінен емес, инвесторлар қаражатының арқасында дамыта бастады.
1997 жылғы 20 қазан күні «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы» Жарлыққа Президент қол қойды. Жарлық бойынша Ақмола қаласы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан астанасы болып жарияланады.
1998 жылғы 6 мамыр күні Ақмоланың атын Астана деп өзгертті. Әлем сахнасында Қазақстанның жаңа астанасын таныстыру 1998 жылғы 10 маусым күні өтті.
Тағы қараңыз Астана Алматы Қызылорда Орынбор
Дереккөздер
Санат:Көшірілген елордалар Санат:1997 жылдағы Қазақстан Санат:Алматы тарихы Санат:Астана тарихы