Kun.uz – 2012 жылдың қаңтарында іске қосылған өзбек тілді интернет-басылымдардың ішіндегі ең белсендісі. Сайттың құрылтайшысы «WEB EXPERT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады. Жетекшісі – Умид Шермұхаммедов.

2012 жылы Өзбекстан Республикасы Баспасөз және ақпарат агенттігінен (қазіргі уақытта Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі) 0987 нөмірімен тіркелген. Бұл өзбек, орыс және ағылшын тілдеріндегі ең жылдам жаңалықтар сайттарының бірі.Gossayti ne uspevayut za novostyami, Gazeta.uz

нобай|kun.uz тілшісі Феруза Авазова Хоенсонг өрт сөндіру станциясының тұрғын үйлерді өртке қарсы қорғау науқанын көрсетеді.

Бүгінде басылым жаңалықтарын 1 күнде 351 000, 1 айда 10 миллионнан астам адам оқыды. Сайттағы қаралым саны 1 айда 23 миллионнан асады. Сайт 2012 жылы .uz ұлттық домен интернет-фестивалінде «Үздік медиа сайт» номинациясының жеңімпаздарының бірі болды.Nazvani pobediteli internet-festivalya. „Gazeta.uz“ – sredi luchshix, Gazeta.uz Alexa мәліметтері бойынша, «kun.uz» Өзбекстандағы ең танымал сайттар арасында 4-ші орында тұр.

Бүгінде басылымда 50-ден астам тәжірибелі, белгілі, жас журналистер, сонымен қатар редакторлар мен корректорлар, иллюстраторлар қызмет етеді.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Facebook парақшасы Twitter парақшасы

Санат:Өзбекстан бұқаралық ақпарат құралдары