Қақпатас өзені — Жамбыл облысы, Қордай ауданы жерімен ағады. Шу алабындағы өзен. Қордай асуынан басталып, Шу өзеніне құяды.
Сипаттамасы Шу-Іле тауларына қарасты Қордай асуында бірінші Қақпатас, екінші Қақпатас, үшінші Қақпатас болып үшке бөлініп ағып келеді де, бір арнаға тоғысқан жерден Қақпатас аталадыЖамбыл облысы. Оңтүстік-батысқа қарай ағып, Сарыбұлақ аулы тұсында Шуға құяды. Жағасында Қордай ауылы бар.
Қар-жаңбыр суларымен толығады. Суы шаруашылыққа пайдаланылады. Өзен тұсындағы бақылау дюкерінен төмен қарай жалғасқан 17 шақырымдық бетон науалар салынған. 1970 жылдары қойылған науа қазіргі күнде тозған. Кетілген, ойылған жерлерінен су айдалаға кетіп, көлшікке айналып жатыр. Бетонның шөгіп кеткен жерлерінен су сыртқа ақтарыла бергесін, соңғы жылдары қолдан құйып биіктетілді. Бірақ, қанша жамап-жасқағанмен ескі бетонның жырығы көп. Осы дюкерден (бақылау орны) бөлінген су – Сарыбұлақ ауылдық аймағындағы екі агроқұрылым мен жүзден аса ірілі-ұсақты шаруа қожалықтарының тіршілік нәріне айналып отыр
Өзен бойына 1988 жылы үлкен бөгет салындыЖАМБЫЛДА «КӨРІКТІ МЕКЕН» ТАНЫМДЫҚ САПАР ӨТТІ. Бөгеттен бастап өзен арнасын бойлай егінді суландыру үшін канал қазылған. Жаз айларында суы азайып, бөгеттен артылмайды.
Ең ірі салаларының бірі Соғанды өзені. Шу-Іле тауларындағы Нарқызыл шатқалының жоғары жағынан бастау алады, Оңтүстік-батысқа қарай ағып, Үшінші Қақпатасқа құяды. Жағасында Соғанды аулы бар.
Тағы қараңыз
Қақпатас бөгені Қақпатас ауылы
Дереккөздер
Сілтемелер Топогрфиялық карта — K-43-018
Санат:Қордай ауданы өзендері