Зихтер, зиги, зихи (, ) –Солтүстік-Батыс Кавказды қоныстанған ежелгі тайпалар бірлестігі. Қазіргі Новороссийскі қаласынан (Ресей) Гагра қаласына (Грузия) дейінгі теңіз жағалауындағы таулы аудандарды қоныстанған.Лавров Л.И., О происхождении народов Северо-Западного Кавказа, Сборник статей по истории Кабарды, в. 3ихи, Нальчик, 1954. Негізгі кәсіптері – егін, мал шаруашылығы болған, сондай-ақ, теңізде қарақшылық жасаумен де айналысқан. Босфор бұғазы жағалауындағы қалаларда құл сатушылар, негізінен, осы Зихилер болған. 8 – 9 ғ-ларда Зихилер елеулі ел болып саналды, оны көсемдер басқарды. Зихи туралы соңғы дерек 15 ғ-да кездеседі. Олар абхаз, адыгейлердің құрамына қосылып кеткен."Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім
Дереккөздер
Санат:Тарих