Коммутация ( – алмастыру) — тілдің екі белгісі арасындағы қатынас. Бұл қатынаста бір белгінің бейнесі мен мағынасы басқа бір белгінің бейнесі мен мағынасына ұқсас болған жағдайда, оларды коммутациялық байланыста болады деп есептейді.Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік: - Алматы: Сөздік-Словарь, 1998. – 304 б.
«Коммутация» ұғымын Л.Ельмслев 1935 жылы ұсынған. Глоссемантикадағы белгілер арасындағы парадигматикалық қатынастарды анықтау үшін қолданған. Ол коммутациялық тексті ұсынды, мұнда ең кіші элементтерді (тексемалар) түрі мен мағынасына қарай бөлек қарастырды. Мысалы: «моль», «ноль», «роль», «руль» сөзздерінің жазылуы ұқсас, бірақ мағыналары мүлдем басқа, ал сөздердің мағынасы бір болса олар коммутацияға түспейді.
Дереккөздер