Eagles — 1971 жылы Лос Анжелесте құрылған американдық рок тобы. Бес нөмір бірінші сингл және алты нөмір бірінші альбом, алты «Грэмми» сыйлығы және бес American Music Awards сыйлығымен Eagles Солтүстік Америкадағы 1970 жылдардағы ең сәтті және әлемдегі ең көп сатылатын топтардың бірі болды. Дүние жүзінде топтың 200 миллионнан астам жазбасы сатылды, оның ішінде тек АҚШ-та 100 миллион сатылды. 1976 жылы шыққан «Their Greatest Hits 1971-1975» хиттерінің жинағы 38 миллион данамен сатылып, Американың дыбыс жазу өнеркәсібі қауымдастығының (RIAA) нұсқасы бойынша АҚШ-тағы барлық уақыттағы ең көп сатылатын альбомға айналды. Майкл Джексонның «Thriller» альбомын озып, топтың бұл жинағы АҚШ-тағы ең танымал альбомы болып табылады. Олар 1998 жылы Рок-н-ролл даңқ залына енгізілді және 2004 жылы Rolling Stone журналының «Барлық уақыттағы үздік 100 орындаушысы» тізімінде 75-ші орынға ие болды.
Құрамы Қазіргі құрамы Дон Хенли — басты және бэк-вокал, барабандар, перкуссия, ритм-гитара (1971—1980, 1994 — қазіргі уақыт) Джо Уолш — соло және ритм-гитара, клавишные, басты және бэк-вокал (1975—1980, 1994 — қазіргі уақыт) Тимоти Б. Шмит — бас-гитара, бэк және басты-вокал (1977—1980, 1994 — қазіргі уақыт) Дикон Фрай — ритм және соло-гитара, басты және бэк-вокал (2017 — қазіргі уақыт) Винс Гилл — ритм және соло-гитара, бэк және басты-вокал (2017 — қазіргі уақыт)
Бұрынғы мүшелері Гленн Фрай — басты және бэк-вокал, ритм және соло-гитара, пернелі аспап (1971—1980, 1994—2016; 2016 жылы қайтыс болды) Берни Лидон — соло және ритм-гитара, банджо, мандолина, педал-стил-гитара, бэк және басты-вокал (1971—1975; 2013—2016) Рэнди Майснер — бас-гитара, бэк және басты-вокал, ритм-гитара, гитаррон (1971—1977; 1998 (бір реттік қойылым); 2023 жылы қайтыс болды) Дон Фелдер — соло және ритм-гитара, банджо, мандолина, педал-стил-гитара, орган, бэк және басты-вокал (1974—1980, 1994—2001)
Дискография Студиялық альбомдар Eagles (1972) Desperado (1973) On the Border (1974) One of These Nights (1975) Hotel California (1976) The Long Run (1979) The Long Road Out of Eden (2007)
Концерттік альбомдар Eagles Live (1980) Hell Freezes Over (1994) Live from the Forum MMXVIII (2020)
Жинақтар Their Greatest Hits (1976) Greatest Hits Vol. Two (1982) Selected Works 1972—1999 (2000)
Дереккөздер
Санат:АҚШ рок топтары Санат:АҚШ софт-рок топтары Санат:АҚШ кантри-рок топтары Санат:Рок-н-ролл даңқ залына енген орындаушылар Санат:Грэмми сыйлығының иегерлері Санат:Billboard 200-де топ бастаған орындаушылар Санат:Billboard Hot 100-де топ бастаған орындаушылар Санат:Geffen Records орындаушылары Санат:Asylum Records орындаушылары Санат:Polydor Records орындаушылары Санат:1971 жылы құрылған музыкалық ұжымдар