Ақмола облыстық мәслихаты — Қазақстан солтүстігіндегі Ақмола облысының жергілікті бірпалаталы заң шығарушы органы, мәслихат. 1993 жылы құрылған бұл мәслихаттың 2023 жылдан бері 32 депутатының жартысы партиялық тізім бойынша сайланса, қалғаны партиясыз, бірмандатты округ бойынша сайланады.

Мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздан бергі қызметтегі төрағасы — Аманат мүшесі Бейбіт Жүсіпов.

Тарихы 1993 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстандағы биліктің жергілікті өкілді органдарының тарихынан сыр шертетін «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңы қабылданды. 1994 жылғы наурызда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен бүкілхалықтық сайлау өтіп, Мәслихат деп аталатын бірінші шақырылған өкілді органдар сайланды. Одан облыстық мәслихатқа 44 депутат сайланып, Мәслихаттың бірінші хатшысы болып Амангелді Сыздықов сайланды.

2021 жылы жаңадан енгізілген партиялық тізім бойынша пропорционалды өкілдік негізінде алғаш рет сайлау өтті, онда «Нұр Отан» облыстық мәслихаттағы 26 мандатқа ие болды, одан кейін «Ақ жол» Демократиялық партиясы мен «Ауыл ХДПП екі партиясы жергілікті органды саяси фракциялар астында біріктірді.

Сайлау жүйесі Мәслихат депутаттары әр 5 жыл сайын қайта сайланады және олардың жартысы партиялық тізім бойынша пропорционалды өкілдік арқылы сайланады (бір партияға бір мандат алу үшін жалпы дауыстың кемінде 5%-ы қажет), ал қалған жартысы бірмандатты округ арқылы сайланады.

2023 жылғы сайлауға дейін олар заң шығарушы органда кез келген орынды жеңіп алу үшін қажетті 7% сайлау шегі бар партиялық тізім бойынша пропорционалды өкілдік негізінде сайланды. Егер бір партия ғана сайлау табалдырығын аттап өте алса, онда дауыс саны бойынша екінші орын алған партия шекті межеден өткен-өтпегеніне қарамастан, мәслихаттағы өкілдік үшін жеткілікті орынға ие болады. Мәслихаттың мүшесі 20 жасқа толған және бір ғана мәслихаттың мүшесі бола алатын Қазақстан азаматы бола алады.

Өкілеттіктері Қазақстан Конституциясының мәліметінше мәслихат облыстың даму жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, қала бюджетін бекітеді және оның орындалуын бақылайды, жер қатынастарын, әкімшілік-аумақтық орналастыру мәселелерін реттеуді жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан конституциясының, заңдарының номаларын, әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмімен тиісті әкімдіктің дербес құрамын келіседі, Қазақстан президентінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін орындауына жәрдемдеседі.

Құрылымы 2023 жылғы наурыздағы жағдай бойынша Ақмола облыстық мәслихатының 4 тұрақты комиссиясы бар: Бюджет және экономика мәселелері жөніндегі; Әлеуметтік мәселелер жөніндегі; Депутаттық этика, заңдылық, экология және табиғат пайдалану мәселелер жөніндегі; Аграрлық мәселелер және индустриалды-инновациялық даму комиссиялары.

Қазіргі құрамы Ақмола облыстық мәслихаты соңғы сайлауының қорытындысы ресми түрде 2023 жылғы 24 наурызда жарияланды. Партия мүшелерінің саны төмендегі кестеде көрсетілген. Қалған 16 мүше бір мандатты округтік дауыс беру арқылы сайланды. +Партиялық тізім бойынша сайланған депутаттарыПартиясыМандат саныАманат13Ауыл ХДПП2Ақ жол ДП1Бірмандатты округ16 Барлық мүшесі 32

30 наурызда Мәслихаттың ресми сайтында оның жаңа құрамы басталған кезде «Аманат» басқарған фракцияның 26 мүшеден (жалпы 32 депутаттан) тұратыны туралы хабарлады. «Аманат» тобының мүшелерінің партиялары, аты-жөндері айтылмады.

Соңғы сайлауы

300pxПартия Дауыс саны % ±% Мандат саны ±Мандат Аманат 210,863 67.907 7.813 13 13 Ауыл ХДПП 33,351 10.74 1.84 2 1 Ақ жол ДП 17,421 5.61 3.3 1 2 ҚХП 13,048 4.202 Жаңа 0 Жаңа Байтақ 10,141 3.265 Жаңа 0 Жаңа Respublica 9,150 2.94 Жаңа 0 Жаңа Бәріне қарсымын 9,275 2.98 Жаңа Жарамсыз дауыс 7,264 2.34 Жалпы дауыс310,513100.00 32Сайлаушы саны/Дауыс бергендер517,81659.96

Қосымша ақпарат

Дереккөздер

Санат:Ақмола облысы Санат:Қазақстанның жергілікті өкілді органдары Санат:1993 жылы Қазақстанда пайда болғандар