(Кайе дю синема — Кинематографиялық дәптерлер) — 1951 жылы Андре Базен, Жак Дониоль-Валькроз және Жозеф-Мари Ло Дюка құрған француз кино журналы.Itzkoff, Dave (9 February 2009) Cahiers Du Cinéma Will Continue to Publish The New York TimesMacnab, Geoffrey (7 April 2001) Pretentious, nous? The Guardian Ол екі париждік киноүйірменің — «Объектив 49» (Objectif 49 — арасында Робер Брессон, Жан Кокто және Александр Астрюк бар) пен Латын кварталы киноүйірмесінің (Ciné-Club du Quartier Latin) мүшелерін біріктірген, 1928 жылы құрылған бұрынғы «Revue du Cinéma» журналының негізінде дамыды.

Бастапқыда редакторы Жак Дониол-Валькроз болды, ал 1957 жылдан бастап бұл қызметті Эрик Ромер атқарды. Басылымның авторлары қатарында кейіннен аса ықпалды кинорежиссерларға айналған Жак Риветт, Жан-Люк Годар, Клод Шаброль және Франсуа Трюффо болды. Бұл — әлі күнге дейін жарық көріп келе жатқан ең көне француз тіліндегі киножурнал.

Тағы қараңыз «Sight & Sound» «Empire»

Дереккөздер

Санат:Франция журналдары Санат:Кино туралы журналдар Санат:Француз тіліндегі журналдар Санат:1951 жылы негізі қаланған журналдар