Danone (оқылуы: «Данон») — франциялық компания, сүт және басқа да азық-түлік өндірушісі.
Тарихы 1919 жылы Барселонада фармацевт Исаак Карассо (1874–1939) құрған, ұлы Даниэлдің (қысқаша — Данон) есімі берілген.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде компания Нью-Йоркке көшті, онда ол Dannon Milk Products Inc америкалық атауын алды. 1958 жылдан бастап компанияның штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. 1973 жылы «Жерве — Данон» компаниясы Boussois — Souchon — Neuvesel шыны және азық-түлік өндірісімен айналысатын қауымдастықпен бірікті.
Дереккөздер
Санат:Франция компаниялары Санат:Danone