Лордтар палатасының Лорд-спикері () — Ұлыбритания парламенті жоғарғы Лордтар палатасының спикері, төрағасы және мүшелері арасындағы ең жоғарғы мүшесі. Лауазым — Қауымдар палатасының спикері лауазымына аналог, лорд-спикерді Лордтар палатасының мүшелері сайлайды, спикерге партиясыз және бейтарап болу талабы қойылады.
2006 жылғы шілдеге дейін Лорд-спикердің міндеттерін Лорд-канцлер орындайтын. 2026 жылғы ақпаннан бергі Лордтар палатасының қазіргі спикері — Драмлиннің бароны Майкл Форсайт.
Тарихы 2003 жылы лорд-канцлер атқаратын қызметті бөлу туралы шешімнен кейін (бастапқыда премьер-министр Блэрдің мақсаты кеңсені толығымен жою болды) Лорд-канцлердің төрағалық қызметін жаңа лауазымға беру жайлы Лордтар палатасында комиссия құрылды. Бірнеше ұсыныстан кейін жаңа спикер «Лорд-спикер» деп аталды, ал орынбасарларының саны 25-тен он екіге дейін қысқарды. «Лорд спикері» ішінара таңдалды, себебі ол Тұрақты бұйрықтарда және серіктесте қолданылған.
Міндеттері нобай|солға|Мемлекеттік мантия киген лорд-спикер Джон Макфолл, 2023 Лорд-спикердің негізгі функциялары: Лордтар палатасында өтетін пікірсайыстарда төрағалық ету, палатаға процедуралық ережелер бойынша кеңес беру, Вестминстер сарайы алып жатқан аумақтардағы қауіпсіздікке ресми жауапкершілікті алу. Қажетті жағдайларда Лорд-спикер Палата атынан сөз сөйлейді және Ұлыбританиядағы және шетелдегі өкілі қызметін атқарады.
Лорд-спикер Қауымдар палатасының спикеріне қарағанда аз өкілеттікке ие. Лордтар палатасы негізінен өзін-өзі басқарады және оның төрағасы пікірталастарға аса белсенді ат салыса бермейді. Мысалы, спикерден айырмашылығы, лорд-спикер Палатаны тәртіпке шақырмайды, орнынан екі адам бір уақытта тұрағнда кім сөйлейтінін таңдамайды, Палата ережелерін бұзған мүшелерді тәртіпке келтірмейді, қуып шыға алмайды, заң жобаларына түзетулер жасай алмайды.
Лорд-спикер бұрын лорд-канцлер өзінің парламенттік рөліне қатысты атқаратын міндеттердің көпшілігін өз мойнына алды. Дегенмен, Парламенттің мемлекеттік ашылуы кезінде Монарх алдында сөз сөйлейтін — әлі де лорд-канцлер. Қауымдар палатасының спикері сияқты лорд-спикер қызметте болған кезде партиясыз болады.
Сайлануы Лорд-спикер бес жыл мерзімге сайланады және ең көбі екі мерзімге сайлануға құқылы. Сайлау балама дауыс беру әдісімен өткізіледі. 2011 жылғы 3 мамырда енгізілген түзетулерге сәйкес, сайлау мерзімінің соңғы жылының 15 шілдесіне дейін өткізіледі, жаңа мерзім 1 қыркүйекте басталады.
Айлығы және рәсімдері 2006 жылғы 4 шілдедегі Патшалық жарлық лорд-спикерді Қауымдар палатасының спикерінен төмен дәрежеде етіп бекітті. Лорд-спикердің жалақысы £104,360 тең, бұл Қауымдар палатасының спикерінен аз.
Лорд-канцлер сияқты, лорд-спикер Палатаға төрағалық еткен кезінде қарапайым қара жібек мантия, ресми рәсімдер барысында ол қара жібек дамаст және алтын шілтерлі салтанатты көйлек киеді.
Лордтар палатасына таныстырылған жаңа пэрлер ант қабылдағаннан кейін лорд-спикермен қол алысады.
Лорд-спикерлер тізімі нобай|оңға|Қазіргі Лорд-спикер Майкл Форсайт (оң жақта) пен Қауымдар палатасының спикері Линдси Хойл, 2026 жылғы наурыз
Реті Суреті Аты-жөніҚызметіБұрынғыпартиясы 1 120px Хелен Хеймен 4 шілде2006 31 тамыз2011 Лейборист 2 120px Фрэнсис Д'Соуза 1 қыркүйек2011 31 тамыз2016 Кроссбенчер 3 120px Норман Фаулер 1 қыркүйек2016 30 тамыз2021 Консерватор 4 120px Джон Макфолл 1 мамыр2021 2 ақпан2026 Лейборист 5 120px Майкл Форсайт 2 ақпан2026 — Консерватор
Қосымша ақпарат
Дереккөздер
Ұлыбритания Ұлыбритания Санат:Ұлыбритания лордтар палатасы