Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Бас консулдығы, Нью-Йорк — Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы дипломатиялық миссиясы. Бас консулдық АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан.
Тарихы
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттар арасындағы дипломатиялық қатынастар 1991 жылғы 26 желтоқсанда орнатылған. Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі 1992 жылғы 30 қазанда ашылған. Е.Н. Ашықбаев 2021 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 шілдедегі № 851 «Нью-Йорк қаласында (Америка Құрама Штаттары) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы» Жарлығына сәйкес құрылды.
Бас консулдық тиісті округ шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына консулдық және құқықтық көмек көрсетеді, Қазақстан Республикасының және Америка Құрама Штаттарының азаматтарына мемлекеттік және консулдық қызметтер көрсетеді, Қазақстан және консулдық округ шеңберіндегі штаттар арасындағы экономикалық, мәдени және гуманитарлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықтың дамуына ықпал жасайды. Байланыс Байланыс телефоны +1 646 370 6331Жедел байланыс телефоны +1 332 207 9632 Электрондық пошта[email protected]
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері