Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті — экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомствосы.

Тарихы 2004 жылы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрамында Табиғатты қорғауды бақылау комитеті құрылды. 2007 жылы ол Экологиялық реттеу және бақылау комитеті болып өзгертілді. 2013 жылдың басында комитет ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, жыл соңында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің құрамына берілді, ал 2014 жылы ҚР Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетімен бірігіп, ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті болып қайта ұйымдастырылды. 2016 жылы Экологиялық реттеу және бақылау комитеті болып өзгертіліп, 2019 жылы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне, 2023 жылы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне берілді.

Міндеттері қоршаған ортаның сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу табиғи ресурстарды сақтау, ұтымды пайдалану және қалпына келтіру болып табылады қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін өз құзыреті шегінде жетілдіру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу эмиссияларды ұйымдастыру, үйлестіру, нормалау және экологиялық рұқсаттарды беруді жүзеге асыру кешенді экологиялық рұқсат беруді жүзеге асыру мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру Комитеттің аумақтық экология департаменттеріне басшылықты және олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ оларды әдістемелік қамтамасыз ету қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты тарату және ағарту жүйесін дамыту"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық органдарының" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қарамағындағы мекемелер Облыстар және Алматы, Астана, Шымкент қалалары бойынша экология департаменттері

Дереккөздер

Э