Жереми Баффур Доку (; 2002 жылы 27 мамырда туған, Антверпен, Бельгия) — бельгиялық футболшы, ағылшындық «Манчестер Сити» клубы мен Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы.
Клубтық мансап Доку «Андерлехт» клубының түлегі. 2018 жылдың 25 қарашасында «Сент-Трюйденге» қарсы матчта небәрі 16 жасында Жюпиле лигасында дебют жасады.
2020 жылдың 5 қазанында француздық «Ренн» клубына ауысты. Клубпен 5 жылға келісімшарт жасасты.
Ұлттық құрамадағы мансап 2018 жылы Бельгияның жастар құрамасында Доку Англияда өткен жастар арасындағы Еуропа чемпионатына қатысты. Турнирде ол Ирландия, Дания және Италия командаларына қарсы матчтарда ойнады. Даниялықтарға қарсы гол соқты.
2022 жылғы 10 қарашада Катарда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатының матчтарына қатысу үшін Бельгия құрамасына шақыртылды.
Дереккөздер
Сілтемелер Футболшы профилі. rbfa.be
Санат:Бельгия футболшылары Санат:Бельгия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Андерлехт ФК ойыншылары Санат:Ренн ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары