Ольга Евгеньевна Блудова (тұрмысқа шыққан соң — Сафронова, 5 қараша 1991, Қарағанды) — қазақстандық жеңіл атлетші, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада қатысушысы.

Өмірбаяны О.Е.Блудова Қарағанды қаласында дүниеге келген. Ольга ұзындыққа және биіктікке секіру секторынан бастады. Өзін бөгеулермен жүгіруден сынап көрді. Ақыр аяғында Юрий Иванович Маштаковтың жетекшілігімен спринтке келді.

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Халықаралық «Өзбекстан кубогы» жарысында «А» тобында 2012 жылғы Олимпиаданың олимпиадалық нормативін орындады.

60 метрге жүгіру және эстафета бойынша 2010 жылғы жабық ғимараттағы Азия чемпионатының жүлдегері. 100 м қашықтықтағы қазақстандық рекордшы – 11,37 с.

2012 жылғы Олимпиадада 100 метрге жүгіруден 24-ші болды.

2013 жылы Мәскеуде өткен әлем чемпионатында 23,83 с нәтижесімен, жартылай финалға жолдама ала алмады.

Жеке өмірі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті.

Әкесі Евгений Блудов – жүргізуші. Анасы Ирина — бөгеулермен жүгіруші. Ағасы Максим Блудов биіктікке секірумен айналысады.

Күйеуі — әйгілі ұзындыққа секіруші Константин Сафронов.

Сілтеме Ольга Евгеньевна Блудова Қарағанды облысы әкімдігінің порталында Принцесса спринта

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша жеңіл атлеттер Санат:Жеңіл атлетикадан Азия чемпиондары Санат:Қазақстанның қысқа қашықтыққа жүгірушілері Санат:2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарындағы жеңіл атлетшілер Санат:2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарындағы жеңіл атлетшілер Санат:Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Санат:Жеңіл атлетикадан Азия ойындары чемпиондары Санат:2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарындағы жеңіл атлетшілер Санат:Қазақстанның Азия ойындары чемпиондары Санат:Қазақстан жеңіл атлеттері