Фанг (пангве, пахуин)Словари ФАНГ https://slovaronline.com/browse/dee398c5-ff82-3eb5-a66e-d12aec15f697/%D1%84%D0%B0%D0%BD%D0%B3 — Экваторлық Африкадағы банту халықтарының тобы (Габон, Экваторлық Гвинея, Камерунның оңтүстігі). Олар оңтүстіктегі Огове ойпатынан Санаги бассейніне және солтүстігінде шығыс Адамава үстіртіне дейінгі аумақты алып жатыр. Халық саны шамамен 4 млн. адам (2009 ж.).Фанг https://megabook.ru/article/%D0%A4%D0%B0%D0%BD%D0%B3

Тілі Тіл банту тілдер отбасының солтүстік-батыс тобына жатады. Олар яунде немесе эвондо тілдерінде (диалектінде) сөйлейді.Большая советская энциклопедия https://gufo.me/dict/bse/%D0%A4%D0%B0%D0%BD%D0%B3

Діні Көпшілігі дәстүрлі нанымдарды ұстанады, сонымен қатар католиктер, протестанттар және христиан-африкалық секталардың ізбасарлары бар.Современный толковый словарь - фанг http://www.terminy.info/russian-language/modern-dictionary/fang-pangve

Этногенезі Этногенетикалық негіздер Фангтың ата-бабаларын Конго бассейнінен немесе қазіргі оңтүстік Судан аумағынан Адамава үстіртінің оңтүстігіне қарай қоныс аударған мигранттармен байланыстырады, оларды 19 ғасырдың басында фульбе жаулап алушылары қуып жіберген. Олар еуропалықтармен делдалдық саудамен айналысты. Неміс отарлауына қарсы тұрды (Булу көтерілісі 1891–95, Яунде 1895 және т.б.)Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/4705844

Кәсібі Дәстүрлі кәсіптерге тропикалық қолмен атқарылатын егіншілік (құмай, жүгері, жержаңғақ, ямс, маниок, көкөніс, банан, май пальмасы, темекі), аңшылық, балық аулау жатады. Қолөнерден – ағаш пен сүйектен ою (ата-бабалардың стильдендірілген бастары, антропоморфты бетперделер, барабандар, ән ойнауға арналған сәндік тақталар, көптеген фигуралардың күрделі композициялары және т.б.), геометриялық өрнектері бар қоржындар мен төсеніштер тоқу, ұсталық, керамикалық бұйымдар жасау дамыған. Орман шаруашылы және какао, банан, гевеа және май пальмасы плантациялары үшін маусымдық жұмыстар бар.Народы и культуры Фанг https://travel-journal.ru/ethno/48/335/

Өмір салты Матрилиндік рулық ұйым, көп балалы отбасылар, ауыл қауымдары және жасырын одақтар болды.

Елді мекендері сызықтық түзу орналасқан (ұзын ауылдар деп аталады). Тұрғын үйлері төртбұрышты, қаңқалы, қабырғалары тоқылған, төбесі биік, пальма жапырақтары немесе шөппмен жабылған, үйдің айналасында ашық веранда бар.

Дәстүрлі киімдері - ерлер талшық жамылғылары және әйелдер арналған құрғақ шөп шоғырын пайдаланған. Көсемдер иықтарына барыс терісін жамылған.

Тағамдары – көкөністер мен жемістерден дәмдеуіштер қосылған ботқа.

Халық ауыз әдебиетімен (аңыздар, ертегілер), музыка мен би өнеріне бай.народы мира / Фанг http://www.etnolog.ru/people.php?id=FANG

Дереккөздер

Санат:Камерун халықтары Санат:Экваторлық Гвинея халықтары Санат:Габон халықтары