(22) Каллиопа — Негізгі белдеудегі үлкен астероидтардың бірі.
Оны 1852 жылы 16 қарашада Джон Рассел Хайнд Ұлыбританиядағы Бишоп обсерваториясында ашты. Ежелгі грек мифтерінен белгілі болған эпостың музасы құрметіне орай аталды.
2001 жылдың 29 тамызында астероидтың серігі бар екені анықталды. Оған Линус деген атау берілді, бұл мифтегі Каллиопаның ұлы еді. Линустың диаметрі 28 шақырымға тең және ол Каллиопаның ортасынан 1100 шақырым қашықтықта орналасқан.
Дереккөздер
Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (1—100) Санат:Астероидтар