NEAR Shoemaker — астероидтарды зерттеу мақсатымен 1996 жылы ұшырылған америкалық ғарыш кемесі. Басында NEAR (Near Earth Asteroid Rendezvous) деп аталған, кейін америкалық геолог пен планетолог Юджин Шумейкердің құметіне орай атауы өзгертілді.

Негізгі миссиясы — Жерге жақын ұшатын (433) Эрос астероидын айналып зерттеу. 2000 жылы NEAR Shoemaker оның орбитасына кірді, сөйтіп астероидтардағы алғашқы жасанды серік болды. Бір жылдан соң ол астероид бетіне қонған алғашқы ғарыш аппараты болып шықты.NEAR Shoemaker's Historic Landing on Eros Exceeds Science, Engineering Expectations

Осы астероидқа қарай ұшар жолда NEAR Shoemaker (253) Матильда астероидын 1200 шақырым қашықтықтан зерттеп үлгерді.

Галерея

Дереккөздер

Сілтемелер NEAR Shoemaker НАСА сайтында

Санат:NASA Санат:Ғарыш зерттеулері