Футзалдан Қазақстан чемпионаты 2023-2024 — қазақстандық кәсіби футзал клубтары арасындағы ең жоғарғы лига. Чемпионат 2023 жылдың 23 қыркүйегінен бастап 2024 жылдың 25 наурыз аралығында өтеді. Чемпионатқа Қазақстанның 10 қаласынан 11 команда қатысты. Ақтөбе қаласынан Ақтөбе және Рахмет клубтары. Осы маусымнан бастап чемпионатқа семейлік Семей футзал клубы қосылды. Осы маусымда Қарағанды облысынан бір команда қатысады деп күтілді. Олардың арасында Тұлпар, Шахтер және Биосфера аттары аталды. Алайда чемпионат басталар алдында Қарағандыдан команда қосылмайтындығы белгілі болды.
Клубтар + №Клуб атауыҚаласыАренасыБас бапкеріКапитан1«Қайрат»АлматыҚайрат АренаМарлон Веласко2«Аят»РудныйАят АренаВасилий СмолинАзат Валиуллин3«Ақтөбе»АқтөбеЖекпе-жек сарайыВиктор Тарчило4«Рахмет»АқтөбеНұр-АманСерік Унбаев5«Атырау»АтырауСК ФОК АтырауЖақсылық Байсариев6«Бәйтерек»ОралЖастар спорт сарайыАлексей Попов7«Ордабасы»*ШымкентҚажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы стадионВиталий Александров8«Каспий»АқтауХалық Арена9«Астана»АстанаСайран Арена10«Жетісу»ТалдықорғанҚаратал спорт кешеніНилсон Дос Сантос Мачадо11«Семей»СемейАбай АренаДави МендонсаШыңғыс Есенаманов
Ордабасы футзал клубы 2022 жылы құрылды. 2023-24 жылы Чемпитонатқа тұңғыш рет қатысты
Турнирлік кесте # Команда О Ұ Т Ж Г ГА Ұ 1 Кайрат 40 37 1 2 291:83 208 112 2 Семей 40 28 5 7 170:87 83 89 3 Аят 40 26 4 10 173:99 74 82 4 Актобе 40 24 8 8 150:89 61 80 5 Атырау 40 24 5 11 142:102 40 77 6 Жетысу 40 16 2 22 123:143 -20 50 7 Байтерек 40 14 5 21 106:127 -21 47 8 Астана 40 12 2 26 112:172 -60 38 9 Рахмет 40 10 4 26 115:164 -49 34 10 Ордабасы 40 6 1 33 84:238 -154 19 11 Каспий 40 2 5 33 63:225 -162 11 Үздік ойыншылар № Ойыншы Команда Г (П) 1 Алиссон Невес Де Лима Кайрат 53 (0) 2 Денер Родриго Да Сильва Кайрат 48 (0) 3 Дедезиньо Патросиньо Алвеш Андерсон Семей 45 (0) 4 Алекс Виана Да Силвейра Джуниор Кайрат 35 (0) 5 Жеже Аят 32 (1) 6 Леандриньо Аят 31 (0) 7 Эдсон Кайрат 29 (0) 8 Азат Валиуллин Аят 28 (0) 9 Арнольд Кнауб Кайрат 27 (0) 10 Это'O Актобе 27 (0) Плейофф ойындары 1/4 финал
1/2 финал
Финал
Маусым жаңалықтары Игита дауы 2024 жылғы 9 маусым күні Алматыда өткен «Қайрат» пен «Семей» арасындағы Қазақстан чемпионатының финалдық сериясының екінші матчы аяқталғаннан кейін «Қайрат» жанкүйерлері клубтың автобусына дейінгі жолды басқа командалардың шарфтары мен жалауларымен төсеп қойған болатын. Алғашында назар аудармаған Лео Игита сол атрибутикадан тапап өтіп, кейін жанкүйерлердің өтініші бойынша қарсыластардың шарфтарында билеген Лео Игитаның видеосы әлеуметтік желіде тарай бастады.
Игитаның бұл әрекеті жанкүйерлердің ызасын оятып, ұлттық құрамадан аластату және қазақстандық азаматтығын кері алу туралы пікірлері айтыла бастады. Наразылық пікір білдіргендер арасында басқа клубтардың ойыншалыра мен футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары да бар. Лео Игита сол күні арнайы видео түсіріп, чемпионаттың басқа қатысушылары мен спорт қауымдастығынан кешірім сұрады, өзінің іс-әрекетінің салдарын видеоны көргенге дейін түсінбегенін айтты. «Қайрат» футзал клубы да «Ақтөбе» мен «Астана» футбол клубтарынан да ресми түрде кешірім сұрады:
"Қайырлы кеш баршаңызға! Егер "Ақтөбе" және "Астана" жанкүйерлерінің көңілін қалдырсам, кешірім сұраймын. Шынымды айтсам, олар не туралы сұрап жатқанын толық түсінбедім. Бұл қате көптеген жанкүйерлерді және мені де ренжітті, осыған қатты өкініп тұрмын. "Ақтөбе" және "Астана", сіздердің шарфтарыңызда суретке түскенім үшін кешіріңіздер. Бұл менің шынайы ниетім болған жоқ. Барлығы өте тез болды, тек видеоны көргеннен кейін ғана бұл "Ақтөбе" және "Астана" шарфтары екенін түсіндім. Екі қалада да маған әрқашан жақсы қарады, және менде оларға қарсы жаман ниет болмады. Мен Қазақстан футзалын жақсы көремін және біздің елімізде осы спорт түрінің дамып жатқанына мақтанамын. Әсіресе, "Ақтөбе" бұл дамуда маңызды рөл атқарады, және мен актөбеліктерге футзалға деген қызығушылықтары мен құмарлықтары үшін ризамын. Кешірім сұраймын, баршаңызға үлкен құрметпен қараймын!"
Қайрат футзал клубының бас директоры Әсем Кужанова болған оқиғаға өкініш білдіріп, Игитаның кешірім сұрағанын айтты. Сонымен қатар, бұл әрекет Қайрат футзал клубының жакүйерлері жасамағынан, «Қайрат» футбол клубының ультрас фанаттарының ісі екенін атап өтті.
Қазақстан футзал қауымдастығы (АФҚ) мен Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ресми мәлімдемелер жасап, Игитаның әрекетін айыптап, мұндай оқиғаларға жол берілмейтінін айтты. Тәртіптік тексеру нәтижесінде АФҚ «Қайратқа» 500 АЕК (шамамен 1 миллион 846 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынды, ал АФҚ «Қайрат» бас директорына тәртіптік ескерту жасалды.
«Қайрат» футзал клубына инцидентті бастаған адамдарды анықтап, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндеттелді, болашақта осындай жағдайларға жол бермеу міндеттелді. Барлық жағдайларға қарамастан, Лео Игита команда құрамында қала береді, ал клуб пен федерация ойыншылар мен жанкүйерлер арасында жоғары этика мен кәсіпқойлық деңгейін сақтауға жұмыс істейді.
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметі де Лео Игитаға қатысты жағдай туралы ресми мәлімдеме жариялады: "Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың капитаны және АФК «Қайрат» ойыншысы Лео Игита және алматылық клубтың басқа ойыншылары қатысқан оқиғаға қатысты жағдайды ұйымның тиісті заңды органы қарайтынын мәлімдейді. Федерация мұндай әрекеттерді қабылдауға болмайды деп есептейді және ойыншылар арасында жоғары деңгейдегі этика мен кәсіпқойлықты сақтау үшін барлық күш-жігерін жұмсайды, сондай-ақ жанкүйерлер арасында осындай жағдайларды болдырмауға тырысады. Барлық жағдайлар зерттеліп, тиісті шаралар қабылданатын болады".
Маусымның үздік ойыншылары Үздік жас ойыншы Ержан Кәрменов («Семей») – 17 балл; Ерасыл Шарапиденов («Атырау») – 11; Иван Марахов («Аят») – 5; Ақжол Дәрібай («Семей») – 2; 5-9. Нургелді Абдұлла («Каспий») – 1; 5-9. Жахангир Рәшит («Қайрат») – 1; 5-9. Дәурен Қайратұлы («Жетісу») – 1; 5-9. Әлихан Хасен («Рақмет») – 1; 5-9. Сәбит Узақбаев («Каспий») – 1.[Ержан кәрменов – 2023/24 маусымының үздік жас ойыншысы. https://kazfutsal.kz/news/320-erzhan-karmenov-2023-24-mausymynyn-uzdik-zhas-oiynshysy/]
Үздік қорғаушы
1. Алиссон Тайлан Сантос («Атырау») – 14 балл; 2. Шынғыс Есенаманов («Семей») – 5; 3. Леандерсон («Аят») – 4; 4-7. Кайо Торрес («Семей») – 3; 4-7. Жахангир Рашит («Қайрат») – 3; 4-7. Қайрат Иманалин («Ақтөбе») – 3; 4-7. Абдірасул Абдуманапұлы («Аят») – 3; 8. Дуглас («Қайрат») – 2; 9-12. Лукас Монтейро («Аят») – 1; 9-12. Біржан Оразов («Қайрат») – 1; 9-12. Ерсұлтан Сагындықов («Жетісу») – 1; 9-12. Болат Сарбасов («Жетісу») – 1. https://kazfutsal.kz/news/318-alisson-tailan-santos-2023-24-mausymynyn-uzdik-qorgaushysy/ Алиссон тайлан сантос - 2023/24 маусымының үздік қорғаушысы.
Үздік қақпашы
1. Джайми («Семей») – 31 балл; 2. Ерасыл Шарапиденов («Атырау») – 3; 3. Дмитрий Бондарев («Аят») – 2; 4-8. Далтон («Ордабасы»/«Жетісу») – 1; 4-8. Канат Жеткирбаев («Ақтөбе») – 1; 4-8. Тьяго Феликс («Ақжайық») – 1; 4-8. Деннис («Қайрат») – 1; 4-8. Игита («Қайрат») – 1.
https://kazfutsal.kz/news/314-dzhaime-2023-24-mausymynyn-uzdik-qaqpashysy/ Джайме - 2023/24 маусымының үздік қақпашысы.
Сұрмергендер
56 – Алиссон Невес («Қайрат») 50 – Денер («Қайрат») 48 – Андерсон Алвес («Семей») 37 – Алекс Виана («Қайрат»), Джефферсон («Аят») 33 – Леандро Батиста («Аят») 31 – Валиуллин («Аят») 30 – Эдсон («Қайрат») 27 – Лукас Мигуэль («Ақтөбе»), Кнауб («Жетісу» – 6, «Қайрат» – 21), Лукас («Аят») 26 – Борханов («Астана»), Габриэль Аугусто («Атырау»)
25 – Андре Энрике («Атырау»), Розенски («Аят») https://kazfutsal.kz/news/308-alisson-neves-olimpbet-qazaqstan-chempionatynyn-uzdik-surmergeni/ Алиссон невес - olimpbet-қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені
Үздік бапкерлер 1. Дави Мендонса ("Семей") – 28; 2. Василий Смолин ("Аят") – 5; 3-5. Марлон Веласко ("Кайрат") – 2; 3-5. Биро Жаде ("Жетысу") – 2; 3-5. Жаксылык Байсариев ("Атырау") – 2; 6-7. Серик Унбаев ("Рахмет") – 1; 6-7. Алексей Попов ("Байтерек") – 1.
Дереккөздер
Санат:2024 жылғы мини-футбол Санат:Футзалдан Қазақстан чемпионаты