Жеңісбек Мұхамедкәрімұлы Жұманбеков (11 қараша 1945, Жамбыл облысы, Қазақ КСР) — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (1995-1997), дипломатиялық дәрежесі — бірінші санатты кеңесші.
Өмірбаяны 1945 жылы 11 қарашада Қазақстан Республикасының Жамбыл облысында дүниеге келген. Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.
Әкесі Мұхамедкәрім ауыл мұғалімі, екі соғыстың: Фин және Ұлы Отан соғыстарының қатысушысы, қатардағы жауынгерден аға лейтенантқа дейін жеткен, аты аңызға айналған «Катюшаны» есептеу бойынша саяси нұсқаушы, соғыстан кейін - нұсқаушы, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, ұжымшар төрағасы болды.
1968 жылы Мәскеу тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын инженер-технолог мамандығы бойынша бітірді, Алматы қаласындағы Қазақ КСР Астық өнімдері министрлігі жүйесінде жұмыс істеді.
1972 жылы КСРО Министрлер Кеңесі қарамағындағы МҚК оқу орнын бітіргеннен кейін Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті жүйесінде (орталық аппарат, Алматы және Қарағанды облыстары) жедел және басшылық қызметтерде болды.
1986 жылдан Қазақ КСР МҚК Ақтөбе және Жамбыл облыстары бойынша басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
1992 жылдан бастап — ҚР МҚК/ҰҚК Жамбыл облысы бойынша басқармасының басшысы болды.
1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасарыХалықаралық ұйымның генералы, 1995 жылдан бастап төрағасы болып тағайындалдыҚР ҰҚК Басшылары«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын оңтайлы ету жөнiндегi шаралар туралы» 1997 жылғы 22 сәуiрдегi № 3466 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі..
1997 жылы Қазақстан Республикасы «Барлау» қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды.
1999-2002 жылдары — кеңесші ретінде Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің Өзбекстан Республикасындағы ресми өкілі, кейін Қазақстан елшіліктерінің кеңесші-елшісі ретінде Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің Ресей Федерациясындағы ресми өкілі қызметін атқарды.
2004-2009 жылдары — ШЫҰ ӨЛҚҚ Атқару комитеті директорының әртүрлі салалардағы — әкімшілік-қаржылық және ақпараттық-талдау бойынша орынбасары болды.
2010 жылы 1 қаңтарда Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Мемлекет басшылары кеңесінің шешіміне сәйкес, Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылым Атқарушы комитетінің директорлығына үш жылдық мерзімге тағайындалдыШЫҰ Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің жаңа директоры таныстырылды.
Генерал-лейтенант әскери атағы бар.
Марапаттары II дәрежелі «Даңқ» ордені (2002) Қазақстан Республикасы ҰҚК құрметті қызметкері.
Кеңес Одағының, Қазақстан Республикасының медалдарымен және Құрмет грамоталарымен, КСРО МҚК құрмет белгілерімен марапатталған.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ҰҚК төрағалары Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:КСРО МҚК қызметкерлері Санат:Қазақстан генерал-лейтенанттары Санат:Жамбыл облысында туғандар