Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов (26 наурыз 1966, Семей, Семей облысы, Қазақ КСР) — Қазақстан Республикасы ҰҚК Жоғары қолбасшылығының өкілі, генерал-майор, Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің директоры (2022 бастап).
Өмірбаяны 1966 жылы 26 наурызда Семей қаласында (Семей облысы) дүниеге келген.
1987 жылы Ф.Е.Дзержинский атындағы Жоғары шекаралық қолбасшылық училищені бітірген.
1990-1998 жылдары — ТМД сыртқы шекараларын күзету бойынша Тәжікстан Республикасы аумағында қызмет атқарды.
1999-2014 жылдары — ҚР ҰҚК Шекара қызметінде офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2014 жылдың қарашасынан 2019 жылдың қыркүйегіне дейін — Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары — Бас штабының бастығы болды.
2019-2020 жылдары — ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» өңірлік басқармасының басшысы болды.
2020-2022 жылдары — ҰҚК Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болдыҚазақстан Республикасы ҰҚК.
2022 жылдың 23 мамырында Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасының орынбасары — Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің директоры болып тағайындалдыТоқаев Шекара қызметінің жаңа басшысын тағайындады.
Сілтеме Параграф
Дереккөздер
Санат:Қазақстан генерал-майорлары