«Халық қызметшісі» (, қысқ.: ХҚ) — Украинадағы либералдық, центристік, еуропашыл саяси партия. 2019 жылғы президенттік және парламенттік сайлаулардан бері елдің билік етуші партиясы болып саналады.
Партия Украина президенті Владимир Зеленскиймен тығыз байланысты және оның бастамасымен құрылған. Атауы Зеленский басты рөлді сомдаған «Халық қызметшісі» атты танымал телехикаядан алынған.
Партия 2017 жылдың соңында құрылып, бұрын тіркелген «Шешуші өзгерістер партиясы» негізінде 2018 жылғы 31 наурызда ресми түрде қайта тіркелді. 2019 жылғы парламенттік сайлауда ол жалпыұлттық партиялық тізім бойынша 124 мандат және бір мандатты округтерден 130 орын иеленді.
Дереккөздер
Санат:Украина саяси партиялары